» » » «Қазақстан археологиясы» журналы қайта шыға бастады

«Қазақстан археологиясы» журналы қайта шыға бастады

Кеңес одағы кезінде жарық көрген белгілі «Қазақстан археологиясы» журналы қайта басылып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматыдағы Ғылым ордасында Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты дайындаған басылымның тұсаукесері өтті. Қайта шыққан журналдың алғашқы санында шетел ғалымдарының пікірілері мен отандық археологтардың тың ғылыми жаңалықтары басылған. Жылына төрт рет шығатын  «Қазақстан археологиясы» журналы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Себебі, ғылыми журнал халықаралық мәртебеге ие. Жаңа басылымда далалық зерттеулердің нәтижелері, теориялық талдамалар, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы мен мәдениеті туралы тұжырымдамалар басылады. «Себебі, дәл қазіргі таңда   отандық археология саласының ғылыми жаңалықтары мен түйінді мәселелерін көтеретін, тек археология саласына тиесілі мұндай мерзімді басылым жоқ», – дейді білікті мамандар. 
Бауыржан Байтанаев, «Қазақстан археологиясы» журналының бас редакторы, академик:
- Біздің журналда тек ғылыми тұрғыда дәлелденіп, ғылыми тұрғыда неше түрлі сараптамадан өткізілген мақалалар мен мәліметтер жарияланады. Сосын журнал біздің халыққа ең бірінші мәлімет беретін және дұрыс мәлімет беретін қазынаға айналуы керек. 

05 сәуір 2019 ж. 1 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031