» » ШЕКАРАШЫЛАР САПҚА ТҰРДЫ

ШЕКАРАШЫЛАР САПҚА ТҰРДЫ

Елдің шетінде, желдің өтінде тұрып ұланғайыр жерімізді қызғыштай қорғап, халық тыныштығын қамтамасыз ету  – шекара қызметінің басты міндеті. Бұл кез келгеннің қолынан келе бермейтін қиын қызмет. Аудандағы Қуаңдария ауылында «Қосшың» шекара заставасы ел тыныштығын қорғауда үздіксіз жұмыс істеуде. Жуырда аталған шекара заставасының майоры Әлібек Райымбаевтың ұйымдастыруымен қарулы күштер қатарында қызмет еткен және оның сапында жүрген ержүрек азаматтарға арналған мерекелік шара өтті.
Кеште шекара комендатурасының штаб бастығы капитан Данияр Саятұлы жеке құрамды сапқа тұрғызып,  ел тыныштығын қорғап жүрген азаматтарды құттықтап, өз ризашылығын білдірді. Ауыл әкімі Рустам Ефенов шекара қызметкерлеріне тәуелсіз еліміздің айбынын асқақтатып, абыройын арттыра түсетін мерейлі күндердің көп болуына тілек білдірді.
Шарада қызметтік иттің көмегімен, мемлекеттік шекара бұзушыны ұстаудың әдіс-тәсілі көрсетілді. Кеш соңы ауылдық клуб үйі қызметкерлері дайындаған мерекелік концертке ұласты.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
21 мамыр 2019 ж. 2 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 690
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031