Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАСЫНАН ӨТУ МҮМКІНДІКТЕРІ АРТПАҚ

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАСЫНАН ӨТУ МҮМКІНДІКТЕРІ АРТПАҚ

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кәрім Көкірекбаев Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Уларбек Шаршеевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Елшілігінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтің 2017 жылдың 25-26 желтоқсанында Астанаға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау аясында екі ел шекарасын қорғау және шекара инфрақұрылымын жақсарту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«Сартөбе», «Ауқатты» өткізу пункттерінің жұмысын жетілдіру, «Қарасу» өткізу-бақылау пункті көпірін жаңғырту, жазғы туристік маусымда шекара өткелдерінің өткізу қабілетін арттыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғызстандық учаскесіндегі өткізу пунктерімен танысу туралы келісімге қол жеткізілді», - делінген Қазақстан Елшілігі таратқан хабарламада.
Кездесу соңында тараптар мұнан ары да жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін атап айтты.
25 наурыз 2018 ж. 1 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031