» » Еліміздің шекара теңіз флоты амфибиялық катерлермен толығады

Еліміздің шекара теңіз флоты амфибиялық катерлермен толығады

Еліміздің шекара теңіз флоты амфибиялық катерлермен толығады Қазақстандық шекара теңіз флотының құрамы таяуда амфибиялық түрдегі ауа жастықты екі катермен толығады.
Көп мақсатты жауынгерлік су көліктері күндіз және түнде 25 мильге дейін қашықтыққа ашық теңізге шыға алады. Батпақ, құмды не тасты жағалауда мұз үстімен еркін қозғала алатын амфибиялық катерлер еліміздің шекара флотында бұрын-соңды болмаған. Жобаның жалпы құны – 3 млрд теңге. Оралдағы кеме құрастыру зауытынан шығатын ауа жастықты кемелер осы жылдың жаз айлары Ақтауға жеткізілмек.
Әлібек Каюпов, ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті аймақтық басқармасының бастығы:
– Ауа жастықты амфибиялық катерлер десант және әскери техникаларды ешқандай көлік өте алмайтын жерлермен жүріп өтіп, діттеген жеріне жеткізеді. Озық үлгідегі навигациялық құралдармен жарақтануының арқасында ұтқыр қимылдап, террорлық топтарға күтпеген жерден шабуыл жасауға ыңғайлы. Отандық үлгідегі көпмақсатты әскери катерлердің Каспий жағалауында нәтижелі әрекет етеріне сенім мол.
24.kz


04 мамыр 2018 ж. 1 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 854
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930