» » БАЛА – ӨМІР НӘРІ

БАЛА – ӨМІР НӘРІ

Қай ата-ананың да арманы – перзент сүю. Дүниеге келген балаға кішкентайынан жақсы тәрбие беру басты талап. Жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең бала тәрбиесін бүгіннен қолға ал. Мейлі балабақшаға барсын, мектепте оқысын ұстаздармен қарым-қатынасыңды үзбе.
Ата-ана мен балабақша ара­сында тығыз байланыс­ты нығайту мақсатында №5 «Ай­гөлек» бөбекжайында Алтынай Әлімшеева «Ана өмір тірегі» атты тренинг ұйымдастырды. «Балапан» тобының тәрбиешісі топ бүлдіршіндері аналарымен үнемі әңгімелесу жүргізіп, бала бойынан байқалған жақсы қасиеттер мен кемшілікті дер кезінде айтып отырады. Түрлі шараларға да жиі қатыстырып, бала тәрбиесіне бірге атсалысуға шақырады. Бұл тренингтің де мақсаты сол. Қатысушы аналар Кенжегүл Жүрімбаева, Лау­ра Қыстаубекова, Мәдина Баймырзаева тірек-қимыл қозғалыс ар­қылы өз-өздерін таныстырды. Қы­зықты психологиялық ойын ойнап, баласының тәрбиеші апайлары біл­мейтін ерекше қасиеттерін сипаттады. Аналарды шаршатып алмау үшін тәрбиеші сергіту жаттығуын жасауды да ұмытқан жоқ. Әр түрлі қаріптермен жазылған өлеңдерді тез арада оқып шеберліктерін байқатты. Бір қатарға тұрып, сурет бойынша жасырылған мақалды тапты. Әр мақалды тапқан сайын бір қадам алға жылжып отырды. Соңында киіз үйдің ішінен өз сыйлықтарын алды.
Тренинг соңында қатысушы ана­лар бір-бірлеріне жылы ле­бі­зін білдіріп, сыйлық үлестіріп, тәрбие­шілер мен балабақша ұжы­мына рақ­метін айтты.
Балабақша меңгерушісінің мін­детін атқарушы Арайлым Жан­дарбекқызы аналарға Алғыс хат табыстады. Бала үшін аз ғана уақытын бөліп, үлкен дайындықпен өткен шараға қатысқан аналар жақсы-көңіл күймен тарқасты.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
12 мамыр 2019 ж. 1 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031