» » БАЛАБАҚШАДА ӨТКЕН ТРЕНИНГ

БАЛАБАҚШАДА ӨТКЕН ТРЕНИНГ

Қай ата-ананың да арманы перзент сүю. Дүниеге келген балаға кішкентайынан жақсы тәрбие беру басты талап. Жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең бала тәрбиесін бүгіннен қолға ал. Мейлі балабақшаға барсын, мектепте оқысын ұстаздармен қарым-қатынасыңды үзбе.
Ата-ана мен балабақша арасында тығыз байланысты нығайту мақсатында №5 «Айгөлек» бөбекжай бақшасында Алтынай Аралбекқызы Әлімшеева «Ана өмір тірегі» атты тренинг ұйымдастырды. «Балапан» тобының тәрбиешісі топ бүлдіршіндері аналарымен үнемі әңгімелесу жүргізіп, бала бойынан байқалған жақсы қасиеттер мен кемшілікті дер кезінде айтып отырады. Түрлі шараларға да жиі қатыстырып, бала тәрбиесіне бірге атсалысуға шақырады. Бұл тренигтің де мақсаты сол. Қатысушы аналар Кенжегүл Жүрімбаева, Лаура Қыстаубекова, Мәдина Баймырзаева тірек-қимыл қозғалыс арқылы өз-өздерін таныстырды. Қызықты психологиялық ойын ойнап, баласының тәрбиеші апайлары білмейтін ерекше қасиеттерін сипаттады.  Аналарды шаршатып алмау үшін тәрбиеші сергіту жаттығуын жасауды да ұмытқан жоқ. Әр түрлі қаріптелермен жазылған өлеңдерді тез арада оқып шеберліктерін байқатты. Бір қатарға тұрып, сурет бойынша жасырылған мақалды тапты. Әр мақалды тапқан сайын бір қадам алға жылжып отырды. Соңында киіз үйдің ішінен өз сыйлықтарын алды.
Тренинг соңында қатысушы аналар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, сыйлық үлестіріп, алақандарын қатты-қатты  соғып, тәрбиешілер мен балабақша ұжымына рахметін айтты.
Балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Арайлым Жандарбекқызы аналарға Алғыс хат табыстады. Бала үшін аз ғана уақытын бөліп, үлкен дайындықпен өткен шараға қатысқан аналар жақсы-көңіл күймен тарқасты.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
03 мамыр 2019 ж. 3 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031