» » Игі істер жалғасын таппақ

Игі істер жалғасын таппақ

«Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасының өңірлік жоспарына сәйкес Қармақшы аудандық білім бөлімі жұмыс жасауда. №85 орта мектебінде 2 «Б» сыныпта «Жанұясыз адам-жеміссіз ағаш» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Тренинг барысында ата-аналар мен оқушыларға таныстыру ойындары, метафора әдістері, пікір алмасу арқылы ата-аналар өздерін бала ретінде сезініп, осы жастағы балаға ата-ананың қолдауы, махаббаты, отбасылық ынтымақ қаншалықты қажет екендігін бойларынан өткізді.
А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп- лицейінде «Қазақстан-мейірімділік мекені» айлығы барысында сәуір айында жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз отанын сүюге ,Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке адал, батыл болуға, соғыс ардагерлерін құрметтеуге, әкелер мен аталардың ерлігін мақтан етуге тәрбиелеу мақсатында «Егеменді ел қорғаны- Қарулы күштер» тақырыбында Қармақшы ауданындағы Қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлері Мұратбек Зубайраев, Абдикерова Манатпен кездесу кеші өтілді. Кеш барысында қонақтар тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің тыныс тіршілігі туралы айта келе, әскери оқу орындарына оқуға шақырды.
Оқушыларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 1 а, 1 ә, 4 а сыныптарындағы «Шапағат» шаңырағында «Құстар-біздің досымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді. Оқушылар жергілікті жерді мекендейтін құстар туралы білді, құстарға арналған өлеңдер оқылды. Құстардың пайдасы туралы ақпараттар тыңдалды, шығармалар мен эсселер жазылды. Игі істер жалғасын таппақ.


20 сәуір 2019 ж. 1 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031