» » ЖАЛҒА АЛАТЫН ЖАҢА БИЗНЕС

ЖАЛҒА АЛАТЫН ЖАҢА БИЗНЕС

Тойдың болғанынан боладысы қызық. Бүгінде шаңырақ көтереміз деген жастардың кей әрекеті ойға сыйымсыз. Құдды бір хайп үшін жасалып жатқандай. Әлеуметтік желіде «ақылы түрде жалға алуға қыз жолдас керек, тойыма ұл жолдас іздеймін» — деген жарнамалар шығуда.
Қазір мұндай да бизнестің түрі пайда болыпты. Мәңгі бітпес қазақтың тойында тағы қандай жаңалық бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Мадина есімді бойжеткен әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап, тойына «қыз жолдас» іздеген. Сондай-ақ, бұл қызметке дәл келетін қызға арнайы талаптар қойған. Мысалы, сұлу әрі сұңғақ бойлы болуы керек екен. Көңілінен шыққан бойжеткенге сағатына 5000 теңге төлепті. Ол бұл әрекетімде ешқандай әбестік деп есептейді.
«Мен осыдан бір ай бұрын инстаграм желісіне хабарландыру жаздым. Онда өзіме қыз жолдас іздейтінімді хабарлаған болатынмын. Қыз жолдасқа лайық деген адамға хабарласып оған сағатына есімде болса 5000 теңге төледім. Той өте жақсы өтті, қыз жолдас өте әдемі, менің ойымнан шықты. Менің шын құрбым сияқты рөлді атқарды. Және де құрбыларымның көбі тұрмысқа шыққан, көбісі келіспегендіктен осындай қадамға бардым», — деді бойжеткен.
Желідегі пікірлерді оқып отырып біздің қоғам мұндай бизнестің түріне әлі дайын емес екенін байқадық. Қыз баланың құрбысы, әпкесі не сіңлісі болмауы мүмкін емес қой деген ой да туындайтыны түсінікті. Тұрғындардың пікірін тыңдап көрдік.
«Қазаққа жат дүние. Жеңгелер арқылы құрбы табады. Ол шетелде ол. Ешқандай туысы жоқ болуы мүмкін емес. Еуропаға еліктеп солай жасап жатыр».
«Құрбысы жоқ қыз болуы мүмкін емес деп ойлаймын. Білмеймін, енді ерекше құрбы керек болып сондай заказ берген шығар, актриса ретінде алған шығар деп ойлаймын».
«Құрбысы жоқ адам болса, құрбысы жоқ болып тұр. Онда бір туысына айту керек. Туысы жоқ болса, не істейміз енді жалдайды басқа. Менің ойым солай жеке пікірім».
«Өз құрбың болған жақсы ғой қасыңда. Интернеттік желіде білмейсің қандай адам екенін. Мүмкін ол сені ертең подставить етуі мүмкін. Қасыңда құрбың болмаса әпкеңе айтуға болады ғой».
«Жалпы дінде неке келісілген түрде және екі әділ куәгердің болуымен орындалады», — дейді мамандар. Демек мешітте куәлік ететін адамдардың да адал болғаны абзал екен. Алайда соңғы кездері қоғамда шариғаттың шарттарын ойыншық қылып жатқандар бар көрінеді.
«Негізінде неке барысында куәгердің куә болып жатқан адамдарға таныс жақын адам болғаны абзал. Өйткені некенің соңында өмір болған соң әртүрлі жағдай болады. Дау-дамай уақыты келіп қалуы мүмкін. Немесе сондай жанжал шығатын жағдай болуы мүмкін. Осындай жағдайда куәгердің рөлі маңызды болады», — деді исламтанушы Ершат Оңғаров.
Тойдың нағыз отаны — шырайлы Шымкент деп жатамыз. Дәстүрге берік оңтүстіктің тұрғындары той жасауда алдына жан салмайды. Шаһар халқын зәулім сарайлы тойхана, қымбат автокөліктермен таңқалдыра алмайсыз. Ендігі бұл жақтағы трендке айналғаны-арнайы сахналық қойылым арқылы құдаларды күту дәстүрі екен.
«Қазіргі таңда ең төменгі деп айтпаймыз 200-300 мың теңгеден басталып, 30-40 миллионға дейін кете беретін тойлар бар. Ол енді әркімнің қалтасының қалыңдығына байланысты. Ерекшеленгісі келеді. Ресейден алдырып жатады, небір шоумен жүргізушілерді Иван Ургант бар, Светлаков бар не түрлі Галкинды алдырып жатады тойларға біздің қазақтар, — деді той ұйымдастыру орталығының директоры Баянды Сахария.
Әрине той жасайтын кез келген адам қалтасына қарай көсілетіні белгілі. Соңғы тиынына дейін есептеп, тіпті кредитке ақша алып та жақындарының басын қосатындар бар екен.
«Бізде тойды өткізу деген дәстүр қалыптасқан. Әрбірі мүмкіндігінше жаратады. Қазіргі кезде мүмкіндіктер көп, экономикалық кредитке тойлайтын тойлар көп. Біздің қоғамда туыстық қарым-қатынас мықты дамыған, әрине үзілмейді. Ол келе жатқан мықты институттардың бірі. Басқалардан немен кеммін деген ұғыммен әрбір адам өз баласына, өз тойына келгенде шектеу қоймайды», -дейді әлеуметтанушы Айдар Хамит.
Жалдамалы қыз жолдас, театрландырылған құдалық, кредитке жасалған той. Бұл күнде сіз бен біз оқып, көріп жатқан көрініс осындай болып тұр. Бара-бара тағы қандай ақылы қызметтер пайда болады екен. Оны уақыт көрсетеді.


jasqazaq.kz
26 сәуір 2019 ж. 949 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 047

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031