» » 1933 жылы түсірілген фотосуреттегі алып скаттың құпиясы

1933 жылы түсірілген фотосуреттегі алып скаттың құпиясы

1933 жылы түсірілген фотосуреттегі алып скаттың құпиясы
Бұл сурет шамамен осыдан 2-3 жыл бұрын әлеуметтік желіде кеңінен таралды. 1933 жылы түсірілген суреттегі алып скатты ұстап тұрған адам – капитан А.Л.Кан.
Желі қолданушылары бұл сурет турасында екі түрлі пікірде болды. Бірі, «Скаттың осыншалықты алып болуы мүмкін емес, бұл жалған фотосурет» десе, оларға қарсы тарап «Бұл суретте ешқандай да жасандылық жоқ» деп қарсы пікірді ұстанды. Ал, ақиқатына келсек, бұл фотосуреттегі скат шынымен де жасанды екен. Олай деп айтуымызға мына сурет дәлел.
Теңіз бен мұхит суында тіршілік ететін бұл шеміршекті балықтың мүсіні 1917 жылы жасалған. Джеймс Белл есімді азаматтың қолынан шыққан мүсін гипстен жасалып, кейінірек Американың тарихи-табиғи мұражайына экспонат ретінде қойылған.
Алайда, дүниеде дәл осындай көлемдегі алып скаттардың бар екені өтірік емес. Мысалы, 1932 жылы Флорида жағасынан ауланған мына скат оған дәлел бола алады. Джей Гулд деп аталған америкалық азамат теңіз балығын арқанмен аулап, төменге қарай салбыратып іліп қойған.
Алғашқы суреттегі капитан Канның бұл жасанды мүсінді жасатуының да өзіндік тарихы бар. Ол жер жүзінде осындай алып скат бар екенін бүкіл Америка жұртына көрсету үшін 2 жылдық сапарға шыққан. Алайда, 2 жыл бойы бұл скатты өз қалпынды сақтау мүмкін болмағандықтан, капитан арнайы тапсырыспен оның көшірмесін жасатқан.
02 тамыз 2018 ж. 1 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 133

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930