Мәслихаттар сайлауы
» » Француз суретшісі мүсін ішінде бір апта өмір сүреді

Француз суретшісі мүсін ішінде бір апта өмір сүреді

Француз суретшісі Абрахам Пуаншеваль ежелгі дәуірдегі арыстан-адамның көшірме мүсіні ішінде 1 апта отырмақ. Ол осы қойылым арқылы қазіргі өнер мен ежелгі дәуірдің тылсым дүниелері арасында байланыс орнатуды көздейді. Суретші ағаш мүсіннің ішінде жайғасып отырып, тас дәуірі кезіндегідей су қақталған ет, жеміс және жаңғақпен ғана қоректенбек. Себебі 1939 жылы Германияның Швабия аймағындағы үңгірлердің бірінен табылған бұл жәдігер – ғылымдағы ең ежелгі ескерткіштердің бірі. Қарапайым тас құралдармен зілдің тістерінен қашалып жасалған мүсін жоғары полеолит дәуіріне жатады. Оған шамамен 32 мың жыл. Ал Пуаншеваль мұндай істі бірінші рет қолға алып отырған жоқ. Ол 3 жыл бұрын аю қалпында 13 күн отырып, тек құрт-қоңызбен тағамданса, өткен жылы 12 тонналық жасанды тастан жасалған үйіндінің ішінде 3 аптасын өткізген еді.
05 маусым 2018 ж. 1 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 503

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30