» » ЕЛІКТЕУ ЕЗ ЕТЕДІ

ЕЛІКТЕУ ЕЗ ЕТЕДІ


ҮЛКЕН ҚАЛАҒА БАРСАҢЫЗ, КӨШЕДЕ СЫРТҚЫ БОЛМЫСЫ МЕН КИІМ КИЮ ҮЛГІСІ БІР-БІРІНЕ ҰҚСА­МАЙТЫН, ЖҮРІС-ТҰРЫСЫ ӨЗГЕШЕ ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ БАЙҚАЙСЫЗ. ЖҮЗІН ЖАРТЫЛАЙ ҚЫЗЫЛДЫ-ЖАСЫЛДЫ БОЯЛҒАН ШАШТАРЫМЕН ЖАСЫРЫП, ҮСТІНЕ ЖАЛТЫРАҒАН ТЕМІР-ТЕРСЕК ТАҒЫНЫП, ҚАРА НЕМЕСЕ ҚЫЗҒЫЛТ КИІМ КИІП ҚОҒАМДА ЕРЕКШЕЛЕНІП ЖҮРЕДІ. «ЭМО» АТАЛЫП КЕТКЕН БҰЛ ЖАСТАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ЕЛ НАЗАРЫН ӨЗДЕРІНЕ АУДАРЫП, ҚОҒАМДА БАР ЕКЕНІН СЕЗДІРУ. БҰЛ ЖАСТЫ КӨРГЕН ОЛАРДЫҢ КЕЛЕШЕГІНЕ КӨП КӨҢІЛ БӨЛМЕЙ, ЖАЙ ҒАНА ЖАСТАРДЫҢ «МОДАСЫ» ДЕП ҚАРАУЫ ДА МҮМКІН. БІРАҚ ОЛАЙ ЕМЕС. «ЭМО ДЕГЕНІМІЗ КІМДЕР? ОЛАРДАН ҚАУІП БАР МА ?» ДЕГЕН САУАЛДАРҒА ЖАУАП ІЗДЕП КӨРСЕК.
«Эмо» – эмоция, көңіл-күй болса, ал «кид» – сәби, нәресте мағынасын білдіреді. Екеуін қосқанда пәктік пен тазалықтың жұптасуы. Бұл эмолықтардың өздеріне берген атауы. Эмолықтар сезімге берілгіш. Мұндай өкіл өздерін «ерекше адамбыз» деп қоғамнан оқшауланғанды қалайды. Олар әдеттегі адамдай емес, бәрін жүрегіне жақын қабылдайды. Егер жақын адамдары мен сөзге келіп қалса, олар үшін қайғы-қасіретке, жылауға толы күн болып, айдан жылға ұласатын көрінеді. Бір-бірін шын сүйіп қалған жағдайда махаббаты үшін өздерін өлімге дейін қиюға дайын. Эмолықтарды айыратын бір белгісі, олар үшін эмоцияны көрсету өте маңызды болып саналады. Өзіндік ұсыныстарын білдіреді, әділетсіздікке қарсы шығады және өзін жек көреді. Сондықтан олар суицидке жақын.
Эмо мәдениеті сонау 1950 жылы бастау алған. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілері мен жаңа би түрі «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды. Жастардың батысқа рухани қызығушылығының пайда болуы, классикалық үлгідегі музыкаға еліктеу, фанат болу, «интернационалдық» түсінігіне деген қызығушылықтың артуынан басталған. Бұл кезең батыстың рухани құндылықтарға әсер ету кезеңі болды. Есірткі, алкогольді ішімдікке деген қызығушылық белең алды. Осыдан кейін 1970-1985 жылдары кеңестік қоғам нағыз еліктеу кезеңіне бет бұрды. Алысқа бармай-ақ қояйық. Қазір елімізде де бұл індеттің дәурені жүріп тұр. Кей жастың таңдайын қақтырып, керек десеңіз басын шыр көбелек айналдырып жіберген. Еліктеу дегеннен шығады.
– Жалпы кез келген жасөспірім қандай да бір субмәдениет өкілі ретінде өзін көрсете бастаса оған бей-жай қарауға болмайды. Осы мәдениетке өте құштар болуының себебі, олардың жеке басындағы мәселелер мен тығыз байланысты болуы мүмкін. Мәселен отбасындағы жағдайлар немесе басқалардан ерекшелену мақсатында өзінің жеке тұлға екенін дәлелдеу, жаңа дос, жаңа орта пайда болуының әсерінен болуы да әбден мүмкін. Яғни оған себеп өте көп, – дейді психолог Гүлназ Бердібекқызы.
Жұмысбасты ата-ана баланың компьютер алдында немен шұғылданып отырғанынан бейхабар. Компьютер ойындары бала санасын улап жатыр десек, қазір түрлі интернет сайттары жасөспіріміздің санасын да, сыртқы тұлғасын да Батысқа еліктіріп барады. Әрбір жаңа толқынның ақ-қарасын ажыратуына ықпал ете отырып, әлемнің эмомәдениетін ұстанатын жастарына, бұл індеттің жағымсыз тұстарын барынша насихаттап, түрлерін айқындау басты мақсат.
Ерсін СӘДУҰЛЫ,
«Қармақшы таң
20 сәуір 2019 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 161

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930