» ЖАТ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕЙІК

ЖАТ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕЙІК

 Қала көшелерінде шашын, қасын, көзін түрлі түске бояған, киімі де өзгеше бейформалдарды кездестіру бүгінде әдеттегі жағдай. Әрине, тек ірі қалаларда ғана. Олар өмірден түңілгенін, қоғамда оларға махаббаттың жетіспеушілігін көрсету үшін, жүздерін жартылай ұзын кекілдерімен жауып, көбіне қара-қоңыр түсті киім киіп жүреді. Қоғамымызда адам жақындауға жүрексінетін бұлар - кімдер?
«Эмо» – эмоция, көңіл-күй болса, «кид» – сәби. Бұл эмолықтардың өздеріне берген атауы. Астарында қоршаған ортаны сәбилерше сезініп, көрсете білетін адам деген мағына жатқан көрінеді. Эмолықтар сезімге берілгіш. Көптеген нәрсені жүректеріне жылы қабылдайды. Мәселен, досымен ренжісіп қалудың өзі олар үшін өліммен тең, сол күн қайғы-қасіретке толы болады екен. Олар өздерін қоғамға керексіз сезініп, кез-келген нәрседен қателік іздейтін көрінеді. Махаббаттарын кездестіріп қалған жағдайда, ғашығымен бірге қабірге кіруге даяр.
Эмо тарихы музыкамен тікелей байланысты. 1985 жылы өзгелерге ұқсамайтын ерекше әуездерде ойнаған топты жұрт «Эмо» деп атаған. Бүгінде эмолықтардың әнұранына айналған музыкалық стиль – рок. Олар әр кеш сайын қолдарына гитара ұстап, би билеп, ән салады. Қазіргі таңда Батыс жеткіншектерінің 25 пайызы эмолықтардың қатарында. Елімізде мұндай пайыздық көрсеткіш анықталмаған. Көп болмаса да, қала көшелерінен кездесетінін байқап жүрміз. Бізге «эмомәдениет» 90-жылдардың басында келіп жетті деген де ақпар бар. Эмолықтар жаңбырлы күні жылап жүргенді ұнатады. Себебі, жүздерін көзден аққан жасымен қоса, жаңбыр суы шайып, «әдемі» сезімге бөлейді деген түсінік қалыптасқан. Бұлтты күндері қара түсті киім кисе, күн ашылғанда қара түске қызғылт, күлгін түсті араластырып киеді екен.
Мамандардың айтуынша бұл жағдайға көбіне отбасының жылылығын сезінбеген жасөспірімдер барады. Ондай балалар сырттағы жағдайға бейімделіп, біреудің сөзіне еріп кете беретін көрінеді. Бұл мәдениетке келіп қосылған балаға, өз ортасында көптеген қолдау көрсетіледі екен. Ата-анасы мен мұғалімнің назарынан тыс қалған бала үшін бұл дегеніміз - үлкен жетістік. Ең қорқыныштысы, өз ойларынша эмолықтар ешкімге керексіз және оның өлімі ешкімге кедергі емес. Онсызда айналамызда түрлі жағдай орын алып жатқанда, бұл «мәдениет» қатарымызға келіп қосылды. Кейде осындайда, баланы жастайынан мейірім мен махаббатқа бөлеп өсіргеніміз дұрыс па деп те ойланасың.
Түйін:
Ауыл жастары арасында «эмо» кездеспейді деп сенеміз. Себебі, көп балалы отбасыларда «менікі, сенікі» деген жоқ. Ал, қалада керсінше, «біреудің жалғызымын» деген қатқан қағида қалыптасқан. Ең бірінші балаға керегі әкенің жылы сөзі мен ананың аялы алақаны. Біздің түйсігімізде «керегін алып берсем болды, қарны тоқ, киімі көк» деген ұстаным бар. Алайда, бала үшін ең әуелі жылулық пен мейірім керек екенін ескере бермейміз. Бір басының қамын ойлайтын ұрпақтың жолын кескеніміз жөн. Қай кезде де аурудың алдын алмасақ, оның бара-бара асқынатыны белігі. Абайлайық, ағайын!
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».

---
21 тамыз 2018 ж. 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031