» » "La Sape" – Африка сәнқойлары

"La Sape" – Африка сәнқойлары


Миландық фотограф Даниэль Таманьи Конгоға сапары барысында африкалық "La Sape " (Sapeurs) деп аталатын джентльмендерді кездестірген. "La Sape" (фр.Société des Ambianceurs et des Personnes Élégantes") – Конгоның сәнді киінген адамдарынан құралған топ, негізін қалаған – Стервосу Ниарчос. 
"La Sape"-тер сырт кимін таңдағанда үнемі Paul Smith тәсіліне мән береді. Сэр Пол Смиттің өзі осы джентльмендерге бола 2010 жылы Африкаға келген. 
"La Sape" өкілдерін кездестіріп қалсаңыз сәнқойлардан ұзақ уақыт көз ала алмайсыз. Себебі олар өте көркем киінеді. Кез-келген кішкентай детальдарға дейін мән береді: түс таңдау, қоршаған орта, қоғаммен үйлесімділік т.б. Мұндай сәнді киіну үшін уақыт, күш, ақшасын аямайтын адамдарды тіпті сән астанасы болып саналатын Парижде де кездестіру қиын. 
Бұл адамдардың ерекшелігі – олар стиль таңдауда мәжбүрлікке бармайды, барлығы қарапайым, табиғатпен үндесетін тума таланттар. Костюм таңдауда табиғатпен үндесуі мінсіз. 
"La Sape" өкілдерін подиумға Пол Смит алып шыққан болса, “Guinness”-тің жарнама компаниясы олардың теледидарға шығуына жол ашып берген. 
Олар кедей мемлекетте, кедей құрлықта өздерін бай адамдардай сезінуді қалайды. "La Sape"-тер күніне 18 пенс жалақымен өмір сүреді."Sapeurs" өкілдері үшін киім таңдау өте маңызды. Арзан киімдерді кимейді, сапасыз матадан тігілген киімдерді кию құрметсіздік болып есептеледі. Бұл сәнқойлар киімді қайдан алады десеңіз көбісі бұрынғылардан мұра болып қалады екен.
Сырт келбетіне қатты мән беретін "La Sape"-тер үшін негізгісі кастюм емес, костюм ішіндегі адам. Бұлардың қатаң заңдары бар – адамдардың сізге қандай қарым-қатынаста болуы емес, сіздің олармен қандай мәміледе болуыңыз маңызды. 
Бұл топқа қосыламын десеңіз сізде салмақты мінез, ақылдылық, қарапайымдылық сияқты қасиеттері болуы міндетті.
27 шілде 2018 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 058

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031