» » ЖЕҢГЕЛЕР ИНСТИТУТЫ НЕГЕ ӘЛСІРЕДІ?

ЖЕҢГЕЛЕР ИНСТИТУТЫ НЕГЕ ӘЛСІРЕДІ?

Қазір қазақы құндылығымыздан ажырап бара жатқандаймыз. Мойындайықшы, заман ағымына ілесеміз, әрбір жаңашылдықты аламыз деп өз құндылығымыздан жеріп барамыз. Сондай құндылығымыздың біріжеңге. Сонау сан ғасырлық «жеңгелер институтының» тізбесі бүгінде неге үзіліп барады? Ертеректе жеңге болу мақтаныш болатын. Алқазірше? Шаңырақта жеңгемен қайынсіңлі арасындағы байланыс әлсіреп, текетіреск еайналып, бәсекеге ұласуда. Біріқыз, бірікелін. Қайынсіңлі жеңге бойынан мініздейме, кімбілсін?! Жұтаңтартқан жеңешелік қасиет-ай...
Бүгінгі қыз – ертеңгі келін, бір шаңырақтың ұйытқысы. Ертеректе  ауылға түскен жаңа келін – күллі бала-шағаға «жеңеше» болатын. Бітті. Руы, туыстығы ешкімді қызықтырып жатпайды. Ол өзінен кейінгілерге ат қойып, құрбысындай сырласып, құрдасындай қалжыңдасады. Тіпті, жігіт қызбен танысу үшін алдымен жеңгесі арқылы қыздың көңілін табады. Одан бөлек, жеңге қайын жұрттағы жалғыз жүрген жанның жұбын тауып, тіл табыстырып шаңырақ көте­руіне себепкер де болған. Жеңгенің жәр­деме­мімен отбасы болғандар қаншама? Сірә, осыдан «жеңгетайлық» деген дәстүр қалса керек. 
Жеңеше – ағаның сүйіп қосылған жары, қайыніні мен қайынсіңлінің сырласы. Көне заманнан бері қыз тәрбиесінде жеңгенің рөлі ерекше. Бұрындары қызға ана емес, жеңге тәрбие беретін болған. Ана ақылшы болса, жеңге жақын тұтар сырлас. Анаға айтуға қаймығатын сырды бүкпесіз жеңгеге ақтарып салатын. Ал анасы айта алмаған дүниені жеңгесі жеткізеді. Оның ақылына құлақ асқан қыз қателіктен қашық жүреді деп сенген. Жеңгесі дана  үйдің қызы ибалы мінезімен даңқы әулеттен әрі асып, ауыл-елге тараған.
Қайынінілеріне «Мырзажігіт», «Еркебала» деп, ал қайынсіңлісіне «Сырғалым», «Еркеқыз» деп есімін атамай, түрлі әдемі ат қойып ша­қырғанда елжіремейтін жан қалмайтын. Оның қайтарымы ретінде қайнысіңлі де нәзік үнмен «жеңеше» деп сызылатын. Өкінішті-ақ бүгінде «ат қою» мен «жеңеше» сөзі қолданыстан шы­ғып бара жатқаны жасырын емес.  Мұны “қа­зақбайский” деп менсінбейтіндер  де табылады. Бәлкім осы сөзді “қазақы болмыс”, “қазақи тәрбие” деген сөзбен алмастырып санаға сіңірсек әлдеқайда ұтымды емес пе?!
- Жеңгеме сыр ақтарып көрген емеспін. Се­бебі, ол менен 3-4 жасқа кіші. Тіпті «жеңеше» деп атамаймын. Ағамның жасы үлкен болған соң, жолы үлкен деп сыйлаймын, әрине, –дейді Сандуғаш есімді бойжеткен.
Рас, кей жағдайда жас ерекшелігі де арақатынасқа әсер етпей қоймайды. Деген­мен жас мәселесінен бұрын арадағы сыйластық бірінші кезекте тұруы тиіс.  Ал екінші бір кейіп­керіміз Бибінұр: «Жеңгем алғаш табал­дырықты аттап келін болып түскен сәттен бастап жақын араласып кеттік. Себебі ол үнемі күліп жүреді. Айналасына жылы шуағын төгіп тұратын жанмен тілдеспеу, араласпау мүмкін емес. Мені «Еркежан» деп атайды. Сырлас құрбыма да айналып үлгерді. Оның жүріс-тұрысы, жасаған әрекеті, айтқан ақылы мен үшін  тұнып тұрған тәрбие. Мен соған еліктеп өсіп келемін» дейді.
Шаңыраққа түскен жас келін мен қайынсіңлі тез тіл табысып сырлас құрбыға айналғаны сол отбасының берекесінің мығымдығын көр­сетеді. Жат әулетке қалай үйренісемін деген жас келінге қайынсіңлінің көмегі қажет-ақ. Сәй­кесінше қайынсіңлінің қабағын бағып, ойында жүрген күмәнді сейілтуге жеңгенің жылы сөзі жетіп жатыр.
Бүгінгі қоғамда ана қызына “жеңгеңнен үйрен, жанында жүріп жәрдемдес” деп айтуы керек тәрізді. Себебі бүгінгі бойжеткен ер­тең бір шаңырақтың ұйытқысы, отанасы, ел­дің ке­лешегі. Өмір – алмакезек. Бүгін сіздің жең­­ге­­ңіз болса, ертең өзіңіз де  жеңге боласыз. Үй­ренгеніңізді үйретесіз. Сол себепті бар мүм­кіндікті пайдаланып жеңге тәлімін алуға тырысу керек. 
Қазақ қаламгерлерінің шығармасының қай-қайсысын алып қарасақ та жеңгенің тәрбиесі сөз болады. Бойжеткен қызды той-томалаққа жалғыз жібермей жеңгесіне жетектеуінің өзінде терең тәрбие жатыр. Ал қазірде қыз баланы көше тәрбиелеп жатыр. Өкінішті-ақ.
Қоғамның тірегі – қыз. Ертеңгі елді тәрбиелейтін де бүгінгі бойжеткен. Ал оның тәрбиесінде жеңгенің берері мол. Көш түзелсін десек, жеңгелер институтын жандандырайық. Оған сіз болып, біз болып үлес қосуға шақырамыз.
Ақнұр Сағынтай
03 сәуір 2019 ж. 1 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031