» » ӘЙЕЛ-ӨМІР ГҮЛІ

ӘЙЕЛ-ӨМІР ГҮЛІ

Бүгінгі қазақ қоғамында «Гендерлік саясат» деген сөз естілсе мұны феминистік қозғалыс дейтіндер де аз кездеспейді. Оны еркектерді басып, әйелдерді көтеру, шексіз билікке қол жеткізу деп түсінбеуіміз қажет.
Дегенмен, күнделікті өмірде кейде әйелдердің кемсітушілікке ұшырап жататынын көпшілік ескере бермейді. Әйелдерді кемсіту олардың өзін қоғамның толыққанды мүшесі есебінде сезінуіне теріс әсер етеді.
Қазір адамды жынысына қарап емес, қабілетіне қарай бағалайтын заман. Сондықтан, қазақ әйелдеріне деген құрмет тек отбасы, ошақ қасы төңірегінде ұйысқан десек қателік болар еді. Қазірдің өзінде әйелдер саясатқа, билікке ұмтылып жатыр. Қайта, денсаулық сақтау және білім беру саласында, шағын және орта бизнесте әйелдер жүр. Гендерлік тең құқық болуы үшін билік басында қоғамға үн қататын, өжет, қайсар ханымдардың болғаны маңызды. Әйелдер ақыл-парасаты жағынан да, білімі, кәсіби шеберлігі мен қабілеті жағынан да ер адамдардан еш қалыспайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін өмір шындығы.
Қазір біздің елімізде билікте де әйелдер көп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованы айтсақ та жеткілікті. Болмаса министрлер мен Парламент депуттары арасында да нәзік жандылар көп.
Өнерде, әдебиетіміз бен мәдениетімізде де елімізді әлемге танытып жүрген әйелдер, көпшілікке кеңінен танымал тұлғалар баршылық.
Гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін елде қандай нақты шаралар атқарылуда деген мәселе көпшілікті қызықтырады. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссия бар. Оның талай игі істерге мұрындық болып жүргенін ел біледі.
Еліміздегі Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссия 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын қабылдады. Отбасы комиссияның бірінші кезектегі мәселесі болып табылады.
Ерекше көңіл әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күреске аударылған.
Гендерлік зорлық-зомбылықтың кең тараған түрі – ол дүние жүзілік үрдіс, онда әлеуметтік шекара жоқ және ол ұлқа, діни танымға немесе тұрғындардың өмір сүру деңгейіне байланысты емес. Қармақшы аудандық соты жыл басынан бері құқық бұзушылар жөнінде 13 әкімшілік іс қарады, олар отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жеке тұлғаға қатысты құқық бұзулар, 13 іс жөнінде құқық бұзушылар еркектер болып табылады.
Сондықтан біз қай кезде де бұл мәселені басты назарда ұстап, гендірлік саясатқа өз деңгейінде мән беруіміз керек. Әйелдер-өмірдің гүлі, шуақты күндеріміз шырайы екенің ұмытпайық.
Заңгер одағының мүшесі
Қармақшы аудандық сотының Бас маманы Мырзағұлова Аида
02 сәуір 2019 ж. 1 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031