» » ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Асылбек бала күнінен бері тоғызқұмалақ ойынының түбін түсіреді. Үйіне келген қайсыбір бала болмасын төргі бөлмеде тұратын тоғызқұмалағын құшақтап жүріп «ойнайықшыға» басады. Кері жауапты қабылдағысы келмейді. «Ойнай алмаймын» дегеніне қарамастан, үйретемін деп сағаттап отырып ойнай беретін. Тіпті тоғызқұмалақтан түрлі байқаудан топ жарып, жеңімпаз да атанды. Бүгінде Асылбек ауылға абыройлы жеке кәсіпкер. Үй іші де қай істі бастамас бұрын Асылбекпен кеңеседі, одан ақыл сұрайды. Халқымыздың біртуар ойшылы Абай атамыз айтқандай, «ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» Демек, баланың дамуында ойынның орны ерекше. Иә, тоғызқұмалақ – терең ойды талап ететін ойын түрі.


Аталмыш ойын туралы білмекке аудандық оқушылар үйіне ат басын бұрдық. Үйірме жетекшісі Рада Жаханова «Тұздық алу әдісі» тақырыбында сабақ өтіп жатыр екен.
– Шахматта ферз күшті болса, дойбы ойынында би үстемдік етеді. Сол секілді тоғызқұмалақ ойынында тұздық ерекше басымдыққа ие, – деп Рада апайдың сабақ түсіндіріп жатқан жерінен рұқсат сұрай кірдік. Сабақ түсіндіріп болған соң оқушылар тоғыз­құмалақ ойынына кірісті. Екі қыздың қызықты ойынына қарап бірін әңгімеге тартпақ болдық. №121 мектептің 4-сынып оқушысы Аружан Қайырбектің үйірмеге қатыс­қанына 2 жылға жуықтапты.
– Тоғызқұмалақ ойыны маған ерекше ұнайды. Үйірмеге қатысқалы көп дос таптым. Басқа мектеп оқушыларымен танысып, уақытты қызықты өткіземіз. Бұл – логикалық ойын. Есепке де мықты болуды үйреніп келемін, – дейді ол.
Оқушылар үйіндегі тоғыз­құма­лақ үйірмесіне №26, №27, №121, №30, №183, №250 мектеп оқушыларынан 4 топ құралып, онда 48 шәкірт тәрбиеленуде. Үйірмеге 6-15 жас аралығында оқушылар қатысады.
– Ойын арнайы тақтада екі адам арасында өтеді. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Тоғызқұмалақ баланың ой-өрісін дамытады, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар логикалық ойлауды дамытатын ойын, – дейді үйірме жетекшісі.
Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын қатарында келеді. Тоғызқұмалақ ойынын насихаттап, жұртшылыққа таныстыру біздің басты міндетіміз деп білеміз.

Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».

23 наурыз 2019 ж. 2 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031