» » ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ: ГМО ӨНІМ

ҚАУІП ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ: ГМО ӨНІМ

Қазір дамыған заман. Озық технологияның дәуірі болып тұр. Дей тұра бұл технологияның зиян келтіретін тұсы да жоқ емес. Мәселен, құрамында ГМО-сы бар азық-түліктің көбеюі. Дүкен сөресінде таңсық тағамның сансыз түрі самсап тұр. Қайсыбір азық-түлікті алып қарасаңыз да түрлі-түсті, сырты әдемі, жалтырап тұратын тағамнан көз сүрінеді. Айналып тағы кете алмайсыз, қызық көріп сатып аласыз. Өнімді жасап шығарушы да оның сыртқы пішініне ерекше көңіл бөледі. Бұл адам психологиясына да әсер етпей қоймайды. Әдемі көрінген соң көп ойланбай ала қоямыз. Ал сол сатып алған дүниенің құрамы қандай? Қалай дайындалады? Қайдан келеді? Бас қатырып жатқан жан жоқ.
Әрбір тіршілік иесінің өзіне тән белгісі болады. Оған белгілі бір ген жауап береді. Сол генді алып тастасақ, белгі мүлде жойылады оған жаңа бір генді енгізсек, өсімдікте немесе жануарда жаңа қасиет пайда болады. Мысалы, картопқа сарышаянның генін қосады. Нәтижесінде ешқандай құрт түспейтін картоп алады. Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектің дені шет елден келетіні белгілі. Бір ғана базардағы алманы алып қарайықшы. Иісі, дәмі де жоқ, су татиды. Бірақ сырты жылтырап, ешбір жерін құрт теспеген. Құрты болса «құрттаған» деп менсінбей сатып алмаймыз ғой. Расында табиғи, қоспасыз алмаға құрттың түсуі заңды. Бұрынғы алманың дәмі басқа еді. Иісі мұрын жарып, тәттілігі аузыңнан кетпейтін. Қызанақ, қияр, тәтті бұрыш та базарда тастай болып, бірнеше күнге дейін өз қалпын жоғалтпайды. Неге? Мысалы қызанаққа құрамы бұзылмас үшін, әрі ұзақ сақталуы үшін арнайы түйетабан (камбала) балығының генін қосу арқылы суыққа төзімді және ерте қызаратын өнім алады. Тіпті гендік модификацияланған қызанақтың жаңа түрін солтүстіктің қақаған аязында да өндіруге болады.
Азық-түлік өнімі табиғи қалпынан алшақтап, жасанды бола түсуінің басты себебі, құрамына гендік тұрғыдан модификацияланған организм (ГМО) қосылғанында болып тұр. Дәлірек айтсақ, ағзаға бөгде бір ағзаның генін енгізу арқылы суыққа тоңбайтын, ыстыққа күймейтін, бұзылмайтын, шірімейтін, ұзақ сақталатын түрін шығару. Осы орайда Генри Киссинджердің «Мұнайды бақыласаң, мемлекеттерді басқарасың, азық-түлікті бақыласаң, халықты басқарасың» деген сөзінің жаны бар ма деп қаласыз.
ГМО өнімін зиян деудің басты себебі мұндай тағамды аллергиялық реакцияны көбейтіп, ағзадағы зат алмасу процесі нашарлап, иммунитет әлсірейді деген болжамда жатыр. Тіпті ГМО өнімі көп тағамды тұтынса бедеулік пен белсіздікке ұшырайды деген пайым да бар. Ал әлемдік тәжірибеге сүйенсек, француз биологы Жиль-Эрик Сералини егеуқұйрыққа тәжірибе жүргізіп, гендік модификацияланған жүгеріні береді. Нәтижесінде, кеміргіште ісік жасушасының түзілгені, тіпті ұрпақ өрбіте алмайтын әлсіз жағдайға жеткенін көреді. Дегенмен бұл тәжірибе «ғылыми дәлелі жеткіліксіз» деген желеумен елеусіз қалған. Сірә, мұның астарында ГМО өнімнің зияны дәлелденсе, өндірісте кедергі көбейеді дегенге саяды. Себебі ГМО өндірісі пайданың қып-қызыл көзі болып отыр.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
19 наурыз 2019 ж. 1 853 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031