» » Жауабы табылмаған 4 сұрақ

Жауабы табылмаған 4 сұрақ

Достарымызбен бас қосып, еркін тақырыптарда әңгімелесетініміз бар. Кейде тақырыптар аясы тарылып, айтатын ешнәрсе қалмағандай, адамдардың бәрі жан-жаққа тарқай бастайды. Айтатын сылтаулары – ішіміз пысты. Дегенмен, әлемде орын алып жатқан технологиялық жаңғыруды өз әңгімеңізге қосып көрдіңіз бе? Достарыңыз бұл жөнінде не ойлайды? Жүргізушісіз көліктер, жасанды зияткер, гендерді өндеу – барлығы жауабы әлі белгісіз сұрақтар тудырады. Төменде көрсетілген мына сұрақтарға сіз қалай жауап берер едіңіз? Кейін достарыңыздың ойын білуді де ұмытпаңыз. 1. Егер мидағы ақпаратты компьютерге жүктеуге мүмкіндік болса, сіз бұл қадамға барар ма едіңіз? Елестетіп көріңізші, болашақта мидағы бар ақпаратты компьютерге жүктеп, сіздің санаңыздың сандық көшірмесін жасауға болады. Тек жаңа нұсқасы сізден гөрі ақылдырақ. Кейін оның бойында сіз бастан кешпеген сезімдер өздігінен туа бастайды. Сіз бұл қадамға барар ма едіңіз? Неге? Көшірме нұсқа жасаған орынсыз әрекеттің жауапкершілігін мойныңызға аласыз ба? 2. Ата-анада өз баласының генін өңдеу мүмкіндігі болуы тиіс пе? Егер, дәрігерлер балаңызда туа бітті жүрек жетіспеушілігін аңғарып, сізге белгілі бір генді алып тастау арқылы алдын алуға болады десе көнер ме едіңіз? Ата-аналардың көпшілігі сөзсіз келісері анық. Ал, баланы ақылды ете түсуге болады десе ше? Келбетіне қатысты генді өзгертер ме едіңіз? Баланың жыныстық бағытын немесе терісінің түсін тандауға ата-ананың құқығы бар ма? 3. Жүргізушісіз автокөлік бес жаяу жүргіншіні құтқару үшін, жолаушыны өлімге қию керек пе?  Ойланып көріңіз: сіз жүргізушісіз, өздігінен басқарылатын көлікпен келе жатырсыз, кенет кішкентай бес бала жолға жүгіріп шыға келді. Көліктің үш шешім қабылдауға мүмкіндігі бар: балаларды қағу, қарсы келе жатқан көлікке соғылу, жол жиегіндегі ағашқа бұрылу. Бірінші жағдайда 5 адам, екінші жағдайда 2 адам, үшінші жағдайда 1 адам қаза табады. Мұндай жағдайлар үшін көлікті қалай бағдарламалау керек? Ол жолаушының өмірін сақтау керек пе әлде неғұрлым көп адамның өмірін аман алып қалуы тиіс пе? Қиын жағдайда сізді өлімге қитятын автокөлікке отыруға дайынсыз ба? Барлық басқарусыз жұмыс істейтін көліктердің қызметі бірдей болуы тиіс пе әлде тек жолаушыға жауапты көлік қымбат тұра ма? 4. Роботтарға қандай адами қасиеттер керек? Ақылды роботтар – көліктер адамнан әлдеқайда өнімді жұмыс істейді. Олар шаршауды, жалығуды немесе күйзелісті білмейді. Сонымен қатар, олар жақсылықтан жамандықты, әділетсіздіктен әділеттілікті айыра алмайды. Бұл үлкен дауға алып келуі мүмкін. Дегенмен, олардың бойына, адами қасиеттердің үлгісін құю одан да қиынырақ. Өйткені, оны таңдайтын біз – адамдар. Қай қасиет маңызды деп есептейсіз? "Ең дұрыс" шешімді кім қабылдауы тиіс? Әрбір ел адами құндылықтар жиынтығын ұсынуы тиіс пе? Ал, роботқа таңдау құқығын беру дұрыс па? Сұрақтар өте қызық. Кейде күнделікті тірліктен жалыққан кезде достарыңызға бұл сұрақтардың бірін қойсаңыз, ойлау көкжиегін арта түсетіні анық. Сәттілік тілейміз!
09 мамыр 2018 ж. 1 472 1

JeaCold от 28 ақпан 2019 04:30
Kamagra Uk Next Day Delivery online pharmacy Generic Levitra Professional Clomid Cuisine D Action Why Take Cephalexin

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031