» » "ДЕВИЧНИК" БІЗГЕ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

"ДЕВИЧНИК" БІЗГЕ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

"Қармақшы таңы" газетін оқып отырып осы тақырыптағы мақалаға көзім түсті. Ойлана келе, мынадай түйін жасадым. Неге біздің жастарымыз өз халқымыздың қандай ырымдары бар, салт-дәстүрді жаңартып, бүгінгі күннің тәрбиесіне айналдырайық деп ойланбайды?! Қандай бір жағдай болмасын, өзге елдің тұрмыс тіршілігіне лезде бейімделе қалады. Батыстан шыққан киім үлгіге, іс-әрекетіне ұғына қалатынына таңым бар. “Девичник” деген не, қайдан шыққан деп мағынасына тереңдеп, бізге не береді деп ұзатылатын қыз бала неге ата-анасымен ойласпасқа?
Қазақи тұрғыда қыз ұзатыларда туған-туысқандардың мынадай жол-жоралғысы бар. Өзінің туысқандары оның ішінде сол рудағы жеңгелері (ұзатылатын күні белгіленгеннен кейін) ұйымдасып, күнде бір үй шақырады. Оған ұзатылатын қыз өзінің жақын дос-құрбыларымен, рулас апа-сіңілдерімен барып, көңілді кеш өткізеді. Бұл – балалық шағының қызықты соңғы күндерін өткеріп, өзіңнің ақ босағаңнан, туыстарыңнан жыраққа кетіп бара жатсың деп бақыт тілеген туысқандар ықыласы.
Ретсіз шығын шығарып, елде жоқ қылықты жасап, қызыл-жасылды болып, не істеп жүр­геніңді білмей адасқанша, ертеден келе жатқан салт-дәстүрімізді неге қолға алмасқа? Ешқандай қиын емес, тек жеңгелер мықты болу керек. Сондықтан айтарым, девичник жасау орынсыз, оны ата-аналар да ойлану қажет.
Ағайша НҰРҒАЛИЕВА,
Алдашбай ахун ауылы.
10 наурыз 2019 ж. 2 013 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 243
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031