» » Балаңыз не көріп жүр?

Балаңыз не көріп жүр?

Қазіргі таңда балаларымызға нені көрсетіп жүрміз? Байқап отырсақ, шетелдің арзанқол атыс-шабыс мултьфильмдерімен санасын улап жатырмыз. Бүгінде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қазақтың төл туындысының орнын, голивудтық «Том мен Джери» және ресейлік «Маша мен Аю» мультфильмі басқан заманда баланың талғамы да өзгерген. Оның сана-сезімін, бүтін психологиясын не адам емес, не құбыжық емес бейнелер жаулап алған. Қай үйдің баласы болмасын көрген мультфильмінің ішіндегі кейіпкердің бейнесін сомдап іс-қимылын қайталауда. Бүгінгі мақаланың байыбы бөлек, оған мына оқиға түрткі болды. Осыдан бір ай бұрын туысқандарымыздың үйіне қонаққа барғанмын. Бір бөлмеде үш-төрт кішкентай бала бір телефонға үңіліп жатыр. Бақсақ, нағыз баланың психологиясын бұзатын ютубтан «Алик кз» деген түсініксіз атыс-шабыс бейнебаян көріп жатыр екен. Қазақша дыбысталған бұл фильм балаға боқтық сөзден бастап неше түрлі жауыздық іс-әрекеттерді үйретіп жатыр. «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» жоқ. Бүгінде 395 бейнебаяны бар бұл топ, өз аудиториясын кеңейтіп 400 мыңнан аса адам жинап үлгерген. Әлі қанша бала тіркелетіні белгісіз.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейдің «Анимаккорд» студиясы шығарған «Маша мен Аю» мультфилімі кішкентай балақайлардың жүрегіне жол тапты. Оны үлкен-кіші болып бәрімізде көрдік, Машаның іс-әрекетіне әбден рахаттана күлдік. Он қайтара көрсең де жалықпайсың. Кейін ғалымдар Маша қыздың теріс қылықтары мен қырсық мінезін кішкентай балаларымыз тез қабылдап жатқанын айтып, біраз жайды жайып салды. Ал өзіміздің қазақстандық аниматорлар қалай жұмыс істеуде? Бізде қазақша мультфильмдер жоқ емес, бар. Қазіргі күні неше түрлі «Алдар көсе», «Ертөстік», «Қажымұқан» т.б секілді мультфильмдер шықты. Бірақ оны бала түгілі үлкендер дұрыс қабылдай алмады. Неге дерсіз? Себебі, кейіпкерлері өте тұрпайы. Қимыл-қозғалысы қолапайсыз. Мәселен Алдар көсені халық көп сынға алды. Кейбір тұстары қазақтың дүниетанымына да келе бермейді. Бұл тұрғыда маман не дейді?
– Баланың психологиясы кез келген нәрсені тез қабылдағыш келеді. Теледидардан көрген кейіпкеріне тез еліктейді. Оған көргеннің бәрі әсер етеді. Сол себепті баланың теледидардан қандай бағдарламаларды көріп жүргені өте маңызды. Негізі балаларға тыныш отырса болды деп кез келген телеарнаны көрсетіп қоюға болмайды. Кейбір заманауи мультхикаялардың бала психологиясына кері әсері бар. Қазіргі таңда балаларға арналған «Балапан» ұлттық телеарнасы көрсетіліп жүр. Телеарнада балаға арналған тәрбиелік мәні бар бағдарлама, мультфильмдер көрсетеді. Қазақша дәстүрді және үш тілде сөздіктерді үйретеді, – деді психолог Гүлназ Бердібекқызы.
Баласының болашағына алаңдайтын ата-аналар да бар. Теледидарға телмірген баласының жағдайына жас ана Назира Төлегенқызы да алаңдайды.
– Ұлым теледидар көп қарайды. Әсіресе робот мультфильмдер көреді. Ұнаса соған еліктейді, іс-қимылын қайталайды. Тіпті базардан соның ойыншығын алдыртпай қоймайды. Бала болғасын тыныш болғанын қалаймыз ғой. Өткенде «Алик кз» деген бейне көрініс көріп отырған жерінен ұстап алдым. Балаға кері тәрбие беріп жатыр: атыс-шабыс, өлтіру. Осыдан кейін шектеу қойдым, – деді ол.   
Иә, бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше. Ізіңізді жалғастырар ұрпағыңыздың бүгінін назарда ұстау арқылы келешегінің жарқын болуына жағдай жасау керек. Баланың бойына сіңірген тәрбиеңізді, тәрбиешілер мен ұстаздары үйреткен білімді ғаламтор әп-сәтте жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан балаңыздың ютуб желісінде не көріп жүргенін бақылауда ұстаңыз. Әйтпесе, бармақ тістеп қалуыңыз да ғажап емес.
  Ерсін СӘДУҰЛЫ
 «Қармақшы таңы»
10 наурыз 2019 ж. 1 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031