» » Мерекедегі қос туған күн

Мерекедегі қос туған күн

Ертең әлем халқы Аналар мен қыз-келіншектер мерекесін атап өтеді. Бұл күн айтулы мереке ғана емес, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардың туған күнімен де ерекшеленеді. Қазақта: «Қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» деген керемет сөз бар. Сол айтпақшы, екі мерекені қатар тойлайтын жанұяның бірі – ақтөбелік Әбдіқасовтар отбасы. Ұстаздар жанұясында екі бірдей адам 8-наурызда өмірге келіп, дүние есігін ашқан.
Оның бірі – отағасы, білім саласында ұзақ жыл қызмет етіп, мектеп басқарған Мұрсал Әбдіқасов болса, екіншісі шаңырақтың кенжесі – Маржан Мұрсалқызы. Айтпақшы, 2 ұл мен 1 қызды өмірге әкелген шаңырақтың отанасы – Әмина Өмірбекқызы ардагер-ұстаз. Бүгінде бақытты шаңырақтың балалары өсіп-өнген. Ата-анаға тәтті немере сүйгізген жайы бар. Рауан атаулы мекемеде бас есепші болса, Науан заманға сай кәсіпкер. Ал, Маржан ауыл мектебін «Алтын белгіге» бітіріп, Астанадағы Л.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алады. Бір айтарлығы, Маржан жоғары оқу орнын да «Қызыл дипломға» тәмамдап, бүгінде өз мамандығымен еңбек етуде. Ол жай ғана еңбек етіп жүрген жоқ, халыққа сапалы қызмет көрсетуде. Мереке қарсаңында Елордадағы шетелдік «AVIAREPS» авиакомпаниясының бірінде бас есепші болып жауапты жұмыс істейтін Маржанмен шүйіркелесудің сәті түскен-ді.
– Жалпы шет мемлекеттерге саяхаттағанды ұнатамын. Осы кезге дейін Франция, Венгрия, Индонезия, Малайзия елдерінде болдым. Былтыр туған күнімді Италияның астанасы – Рим қаласында қарсы алдым. Ал биыл Алла қаласа, туған ауылымда атап өтуді жөн көрудемін. Себебі, әкем екеуміз бір күнде туғанбыз. Ол 65-ке келсе, мен 29-ды толтырмақпын. Әдетте, бірге атап өтуге дағдыланғанбыз. Аналар мерекесі отбасымыз үшін айрықша мереке, – дейді кейіпкеріміз.           
Жалпы, Елбасы үстіміздегі жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Кішкентай ауылдан шығып, үлкен қалада біліктілікпен еңбек етіп жүрген қаршадай қыз жастардың көш­басшысы. Оның бойындағы білім мен еңбекке деген құштарлық осыны аңғартқандай. Әр туған күнінде құшағы өзі сүйетін раушан гүліне толатын Маржанның алға қойған мақсаты көп.
– Жеткен жетістігім қармақшылық жастарға үлгі болып жатса әрине, қуаныштымын. Үлкен қалада үлкен мақсат қойып, оны бағындыру жолында аянбай тер төксең діттеген арманыңа жетесің. Қандай да бір белесті бағындырсам – ол  маған әркез қолдау көрсеткен, рухани демеген ата-анамның арқасы. Әсіресе, әкеме өте жақынмын. Онымен ақылдаспай іс жасамаймын, – дейді ертеңгі туған күн иесі.
Түйін:
Еліміздің білім саласына ғұмырының қырық жылын арнаған Мұрсал ағамыз да сүткенжесінің жолын тосып жүр. Ондағы мақсат – екеуінің бір күнде аталатын туған күнін мерекелеумен қатар, біраздан бері көріспеген қызына деген сағынышын бір басу.
 
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
09 наурыз 2019 ж. 1 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 156

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930