» » ҚОҒАМ ТЕТІГІН КЕРІ БҰРАУШЫ

ҚОҒАМ ТЕТІГІН КЕРІ БҰРАУШЫ

Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі, мұндай қоғам дертінің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы елдің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда үкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасқан, «көз қысты, бармақ басты» әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп-өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Қ.Сағынтаевтың 2018 жылғы 4 шілдедегі №38-н\қ бұйрығымен сыбайлас жеморлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес бөлімде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда «Нұр Отан» партиясы қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы мен кездесу және «Ашық есік күні» өтті. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымына арналған жәшік және «сенім телефоны» орнатылған. Бүгінде мекеме қызметкерлері заңға қайшы іс-әрекеттерге жол бермейді.
Негізі мемлекеттік қызметкердің отбасын­дағы тәлім-тәрбиесі дұрыс болғаны лазым. Тәрбие отбасынан басталады, ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады. Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патриоттық сезімді барынша бойына терең сіңірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Белгісіз. Сондықтан әрбір отбасы осы мәселеге аса мен бергені абзал.
Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр. Талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді. Бұл жолда сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Сол себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет.

Ләззат ӘБДІҒАПБАРҚЫЗЫ,
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының
бөлім басшысы.
01 наурыз 2019 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031