» » РУХАНИ АЗЫҚ АЛДЫ

РУХАНИ АЗЫҚ АЛДЫ

Жуырда Ауған соғысында Кеңес әскері қатарында интернационалистік борышын өтеген қармақшылық-жауынгерлердің ерлікті істерін ел жадында сақтап, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің ұйымдастыруымен бір топ ауған соғысының ардагерлерімен «Ауғанның отты жалыны» атты дөңгелек үстел өтті.


«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір данагөй. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман - сау оралып, туған жерімен қауышқан жерлестерміз Әбутәліп Жалмағамбетов, Әскер Мырзабеков, Бахтияр Исаханов Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеу кезінде басынан өткен оқиғалары мен естеліктерін айтып, балалардың қойған сауалдарына шынайы көңілімен жауап берді. Елдің болашағы – жастар екенін, әрбірінің бейбіт елдің батыры болуға тілектерін білдірді. Ал, өз тарапынан үйірме шәкірттері ел ағаларына арнап күй тартып, жырларын тарту етті.
Кездесу барысында мекеме басшысы Серік Жақсығұлов қонақтарға алғыс хат тапсырып, өскелең ұрпақ үшін танымды әңгімелеріне ризашылығын білдірді.
Салтанат ЖҰМАТАЕВА,
К.Рүстембеков атындағы
жыраулар үйінің әдіскері.
22 ақпан 2019 ж. 1 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031