» » КЕЛЕЛІ ІСКЕ БАСТАУ

КЕЛЕЛІ ІСКЕ БАСТАУ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті.
Конференцияны партия филиалының төрағасы
Сұлтан Мақашов ашты.

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай «Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» тақырыбында баяндама жасап, партияның ел экономикасының өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі, сонымен қатар қазақстан­дық­тардың тұрмыс-тіршілігін ны­ғайту мақсатына арналған бағ­дарламалар бойынша іске асырылған жұмыстар туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, аудан экономикасын ілгерілетуге бағытталған жобаларды саралап, алдағы мақсаттарды баяндады.
Келесі кезекте мінберге көтерілген партия филиалының Саяси Кеңес мүшесі Аққозбек Байсынов Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың «Қазақстан­дық­тардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты өткен жылғы Жолдауында айқындалған басымдықтарды саралап, Жолдау аясында өңірімізде атқарылып жат­қан жұмыстарды зерделеді. Өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған өрелі істерді, оның ішінде жуық күндері аудан орталығын газ­дандыру жұмысы бас­талатынын, тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға негіз­делген спорт алаңдарына жөндеу жұмысы жүргізілетінін және кент орталығындағы тозығы жеткен электр желілері жаңғыртылатынын жеткізді.
Содан соң сөз алған партия филиалы төра­ғасының бі­рін­ші орынбасары Дастан Бу­ханов еліміздегі көш­басшы партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ере­­же­лерін талқылап, жоба аясында атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, партия филиалы бойынша ат­қарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Ал, мінберге көтерліген партия белсенділері Бақытжан Нысанбаев пен Гүлзира Еркебаевалар өздері басшылық ететін мекемелерде медицина және білім салалары бойынша қол жеткізген жетістіктері жайын әңгімелеп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Конференция барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиа­лының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланып, жасаған хабарламалар аясында қаулылар қабыл­данды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
14 ақпан 2019 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 481
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31