» » КЕНТ АЖАРЫН ҰСҚЫНСЫЗ НЫСАНДАР ҚАШЫРАДЫ

КЕНТ АЖАРЫН ҰСҚЫНСЫЗ НЫСАНДАР ҚАШЫРАДЫ

Жетпіс жыл бойы коммунистік идеологияның шекпенін киіп, ұлттық болмысымызды ұмыт­тыруға асыққандар халықтың тағдырына балта шабу мақ­сатында ойына келгенін істесе де жоспарын жүзеге асыра алмады. Ел-жұртты Карл Маркс, Фридрих Энгельс, большевиктер көсемі Ленин мен Сталиннің идеологиясымен тәрбиелеуге күштеді. Тіпті, жүзеге асырды да. Халықты жұмыспен қамтып, ауызын нанға, тәттіге толтырғанымен, тегін үй-жай беріп, демалыс орындарына жолдама бергенімен патриоттық рухын өшіре алмады.

Әлбетте, қарапайым ауыл еңбеккері мен жұмысшыны дәріптеп, омырауына орден-медаль тақты, Мәскеу мен Алматы қалаларына съезге қатыстырды. Тоқ етері халыққа «жақсы өмір» сыйлады. Әрине, сол заманның қазақ халқына берген жақсылықты істерін мен жоққа шығармаймын. Десе де, жетпіс жылдан кейін Михаил Горбачев кеңестік дәуірге балта шапты. 15 одақтас республиканы быт-шыт етіп жан-жаққа тарқатты. Бірақ, бұл идеологиядан біз жамандық көргеніміз жоқ. Керісінше тәуелсіздік алып, бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған егемендікке қол жеткіздік.
Міне, бүгінде қазақ елі дербес тәуелсіз мемлекет болғанына да 28 жыл болды. Жас та болса әлем көгінде көк байрағымыз желбіреп, халқының болашағы үшін саналы өмірін арнап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген көшбасшының сара саясатымен алға жылжудамыз.
Еліміз өркендеп, шаң-тозаңнан көз аштырмайтын көшелер асфальталып, заман талабына сай жарықтандырылды. Бүгінде ел экономикасының қозғаушы күші атанған кәсіпкерлік саласында да үлкен жетістіктерге қол жеткізудеміз. Әрине, оған соңғы жылдарда аудан кәсіпкерлерінің күшімен бой көтеріп, аудан халқының заман талабына сай өмір сүруіне септігін тигізіп келе жатқан кәсіпкерлік нысандар айғақ.
Десе де, кезінде аудан халқын жұмыспен қамтамасыз еткенімен, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жекешелендіру шарасына іліккен әйгілі механикалық және Сүт-май зауыттары, Комхоз, басқа да әлеметтік нысандар егесіз қалды. Тіпті, кейбірі бұрын ондай нысан болмағандай жер бетінен жойылып та кетті. Бірсыпырасы намысты азаматтарымыздың еселі еңбегімен жаңа кейіпке енді. Олардың арасында «Аэропорт», «Сүт-май зауыты» бар. Бірі бүгінде мейрамхана, енді бірі сауда орталығы ретінде өңір тұрғындарына кәсіпкерлік қызмет етіп жатса, «ПМК-30» мекемесінің әкімшілік ғимараты жеке балабақша боп қайта жаңғырды. Бірақ, кезінде ауданда 1000-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ел әлеуетін өркендетуге үлес қосқан аталмыш мекеменің цехтары да көзден ғайып болды. Сонымен қатар, ерте азанмен қорасынан жүздеген «КАМАЗ» жүк көлігі рейске шығып, қазақ даласында жүйткіген «Автобаза» да жабылып, таратылды. Мекеме ауласындағы цехтардың орнына қазір тұрғын үйлер салынған. Ал, мекеме әкімшілігінің орнында құрылыс материалдарын сататын сауда орталығы орналасты. Тайшық би көшесіндегі «Универсам» сауда орталығы ше? Ол да өзге нысандар сияқты бұзылып, сол аумақ тұрғындарының қоқыс тастайтын алаңына айналып еді. Жақында ол жер де қоршалып, ретке келтірілді. Сол жылдары «қанталапайға» түскен әлеуметтік нысандардың бір қатары жоғарыда айтқандай, халыққа сапалы қызмет етіп жатса, енді бірі бүгінде кент келбетін қашырған ғимараттар қатарынан саналады. Расында да, бүгінде жеке кәсіпкерлер егелігіне өткенімен қараусыз қалған және осыдан бірер жыл бұрын ел игілігіне берілген нысандар жайында айтар болсақ, Момышұлы көшесінде орналасқан бұрынғы «ветстанса» мекемесінің ауласындағы «Аптека» (қазіргі тұрғын үй), күні-түні сол аумақ тұрғындары малының жайылымы болған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ, «Самара-Шымкент» тас жолы бойынан салынған «Дендропарк», кент орталығына кіреберістегі жанар-жағар май бекеті, Тоғанас батыр көшесіндегі «ДРУ» мекемесі, сол мекеме сырты құрылыс бетонымен қоршалған көне базар, әрі қарай мал базары, сондай-ақ кеңестік заманда кент орталығын тазалықпен қамтамасыз еткен әйгілі «Комхоз» мекемесі және еліміздің теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосқан рельс дәнекерлеу цехы, теміржолшылар қонақ үйі мен асханасы, сондай-ақ бұрынғы «Тасбөгет автобазасы» мен Сейітжан ахун көшесіндегі кент тұрғындарына «Қасқырдың моншасы» атауымен танылып, тұрғындарға қызмет еткен монша, «мені де ұмытпа» дегендей, көзге алыстан көрінетін басқа да «ажары кеткен» нысандар бар.
Иә, «Азаматын танығың келсе, алдымен ауы­лымен таныс» деп қазақ даналары айтқандай, еліміз егемендік алып, жұртымыз заман ағы­мы­мен өмір сүріп жатқанда, кент ажарын кетіріп тұрған «ажарсыз» нысандар иелерінің де ойланар кезі келді-ау. Ендігі кезекте олар өз иелігіндегі репеті кеткен нысандарға жөндеу жүргізіп, оны қайта жандандырар деген сенімдеміз.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
05 желтоқсан 2018 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 166

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930