НҰРОТАНДЫҚТАР САПАНЫ БАҚЫЛАЙДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында ел мүддесі үшін мақсаттаған міндеттер арасында жергілікті атқарушы органдарға дене шынықтырудың көпшілікке қолжетімділігін арттырып, мектептердегі спорт құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануды, сонымен қатар аулалар, саябақтар, скверлерді спортпен шұғылдануға ыңғайлы етіп қайта жабдықтауды тапсырған болатын.
Міне, Елбасының осындай игі бастамасына «Нұр Отан» партиясы да өз үлесін қосуда. Бұл бағытта нұротандықтар «Мектептердегі спорт алаңдарын салу немесе қайта салу» партиялық жобасы аясында білім беру мекемелеріне арнайы бақылау жүргізуде. Оған айғақ, жуырда партиялық топ Жосалы кенті мектептерінде болып, онда тақырып аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.– «Нұр Отан» партиясы арнайы жобаны қолға алды. Бұл – өзекті мәселе. Себебі, «Спорт – денсаулық кепілі» десек, балаларымыздың дені сау ұрпақ болып қалыптасуы үшін алдымен мектептердегі спорт алаңдарының жай-күйі бізді алаңдатады. Бұл инфрақұрылымды балалар ғана емес, ересектер де тиімді пайдалануы тиіс. Сонымен қатар, «Денсаулық сабақтары» атты тағы бір партиялық жоба енгізілетінін де атап өткен жөн. Бастауыш сыныптар үшін тәрбие сағаттары, тренингтер, саламатты өмір салтын насихаттайтын сыныптан тыс сабақтар да бала тәрбиесіне тиімді болу қажет. Сондықтан біз жобаны мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмінің аясында жүзеге асыруға жұмыла жұмыс істеп, бұл жобаны партиялық бақылауда ұстауға тиіспіз, – деді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов.Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
«Қармақшы таңы».