» » Мектептердегі спорт алаңдарының сапасы партия бақылауында

Мектептердегі спорт алаңдарының сапасы партия бақылауында

Мемлекет басшысы Жолдауда жергілікті атқарушы органдарға денешынықтырудың көпшілікке қолжетімділігін арттырып, мектептердегі спорт құрал-жабдықтарын тиімді пайдаланып, аулалар, саябақтар, скверлерді спортпен шұғылдануға ыңғайлы етіп қайта жабдықтауды тапсырды. Бұл бағытта Нұротандықтар «Мектептерде спорт алаңдарын салу немесе қайта салу» партиялық жобасы аясында мектептерге арнайы бақылау жүргізуде. Қармақшы ауданындағы партиялық топ Жосалы кенті мектептеріне жасалған тексеріс нәтижесін талқылады. 
Жалпы ауданда 19 білім ошағы бар. Олардың 7-уі кент орталығында болса, қалған 12 мектеп ауылдық елді мекендерде. Жобаны жүзеге асыру аясында нұротандықтар мектептерде болып, спорттық алаңдарының талапқа сәйкестігіне бақылау жүргізген. Нәтиже жаман емес,- деді мониторинг қорытыдындысымен таныстырған комиссия мүшесі, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Алтай Үсенов.
«Нұр Отан» партиясы «Мектептерде спорт алаңдарын салу немесе қайта салу» жобасын қолға алды. Бұл өте өзекті мәселе. Себебі спорт денсаулық кепілі десек, балаларымыздың дені сау ұрпақ болып қалыптасуы үшін алдымен мектептердегі спорт алаңдарының талапқа сәйкестігі бізді алаңдатады. Және бұл инфрақұрылымды балалар ғана емес, ересектер де тиімді пайдалануы тиіс. Бұл жерде біртіндеп «Денсаулық сабақтары» атты тағы бір партиялық жоба енгізілетінін де атап өткен жөн. Бастауыш сынып үшін тәрбие сағаттары, тренингтер, саламатты өмір салтын насихаттайтын сыныптан тыс сабақтар да жүргізуге тиімді болу қажет. Сондықтан біздер жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмінің аясында жүзеге асыруға жұмыла жұмыс жасап, партиялық бақылауда ұстауға тиіспіз,- деді Дастан Буханов.
30 қазан 2018 ж. 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031