» » ӨНЕРТАПҚЫШ

ӨНЕРТАПҚЫШ

Өткен аптада аудандық аграрлы-техникалық колледжде ата-аналармен жиын өткен болатын. Осы жиында шығармашыл педагогтардың көрмесі ұйымдастырылды. Соның арасынан «Автомобиль, трактор құрылысы және оған техникалық қызмет көрсету» пәнінің оқытушысы Нұртай Жайықбаевтың үй шаруашылығына арналған әмбебап қоларбасы ерекше әсер қалдырды.
Нұртай Демеуұлы бұған дейін де бірқатар көрмеге қатысып, жүлдегер атанған. Ол колледжде 2011 жылдан бері студенттерге дәріс береді. «Балаларды өнертапқыштыққа баулу», – дейді ұстаз алға қойған мақсатын алға тартып.
– «Үй шаруашылығына арнал­ған әмбебап қоларба» жобасы бұ­рын еш жерде пайдаланбаған идея. Оны қолдану арқылы үй шаруа­шылығындағы жұмыстарды жеңіл­детіп, бір құралдың көмегімен бір­неше операция орындауға болады. Арба қаңқасына бекітілген қосалқы бөлшектер түрлі жұмыс атқарады. Расында да, қол арба несімен айрықша? Оның көмегімен қыста есік алдындағы қарды күресең, арба үстіне орнатылған ауыспалы жүксалғыш қызметімен көп фунцияға қол жеткізесің. Ал, қоларба астына бекітілген культиватор көктемгі дала жұмысында жерді қопсытуға, арам шөп отауға таптырмас құрал. Сондай-ақ, арба астына орнатылған соқаны көктемгі, күзгі жер жырту жұмысына қолдануға да болады. Арба – тоқ көзін қажет етпейді, – дейді өнертапқыш.
Білікті педагогтың еңбегі баға­ланып, бірқатар беделді марапатты иеленген. Н.Жайықбаев «Қазақстан пе­дагогтарының инновациялық идея­ларын дамыту орталығы» ұйым­дас­тырған «Қазақстандық білім беру: экономикалық өсімнің жаңа моделінің орталық буыны» тақырыбындағы рес­публикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында арнайы дипломмен марапатталса, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің, ұстаздар, студенттер мен оқушыларға арналған республикалық ustazdar.кz порталында белсенділік танытқаны үшін алғыс хат тапсырылды. Сонымен қатар, оқытушының жетекшлігімен дарынды шәкірті Әділет Арапбаев «Өзін-өзі анықтауға, реттеуге, іске асыруға қабілетті тұлға» атты жұмысы үшін І дәрежелі дипломмен мадақталса, «Кәсіптік-техникалық бі­лім беруді дамыту, ұштастыру – заман талабы», «Мәңгілік ел – тәуелсіз Қазақстанды сүйеміз» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жасаған баяндамасы үздік деп танылып, жинаққа енді. Оның тағы бір жетістігі – Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойына орай өткен инженер-педагогтардың «Бағдарлы байқау-көрмесі» атты сайысында «Үй шаруашылығына арналған әмбебап қоларба» жобасы жоғары бағаланып, облыстық байқауға жолдама алды.
Түйін:
Бүгінде ұстаздың балаға тек қана бағдарламамен сабақ беруі аздық етеді. Алдындағы шәкіртінің мамандыққа деген қызығушылығын ояту үшін шығармашылықпен жұмыс істеу керек. Ұстазды да, студентті де өсіретін – байқау. Сол себептен де байқау-көрмеге қатысудан қалыс қалмайтын кейіпкеріміздің әрқашан биіктен көрінеріне күмәніңіз болмасын.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
01 қараша 2018 ж. 2 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 256
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031