» » Эскалаторда жүріп-тұру ережелері

Эскалаторда жүріп-тұру ережелері

Эскалаторда жүріп-тұру ережелері
Қазіргі таңда әуежай, ірі сауда орталықтары, вокзал мен түрлі қоғамдық орталарда жылжымалы сатылар (эскалатор) бар. Бұл саты өзі қозғалғанмен, онымен жоғары көтерілгенде немесе төмен түскенде ескеретін ережелер бар.
Эскалатор – қауіптілігі жоғары техникалық құрал. Онымен жүргенде әр кез абай болу керек. Қауіпсіздікті сақтап, жүру тәртібін бір сәт естен шығаруға болмайды.
Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, эскалаторда жүріп-тұрудың өзіндік тәртібі бар. Мәселен жоғары немесе төмен түскенде де оң жағында тұру керек. Сол жағымен асығыс адамдардың алға озуына жағдай жасаған дұрыс. Бұл қоғамдық ортада қалыптасып үлгерген этикалық қағиданың бірі.
Барлық эскалатор баспалдақтарынан сары жолақты байқауға болады. Ол – ескерту белгісі. Оны басуға болмайды. Әсіресе мініп, түскенде. Кейбір эскалаторларда щетка іспетті шашақ болады. Ол да ескерту белгісінің бірі. Оған аяқ киім сүртуге болмайды. Ол сары жолақты баспауды ескертеді.
Жылжымалы сатыға сөмкемен мінген жағдайда да ескерер ереже бар. Жоғары көтерілгенде сөмкені алдыңызға, ал төмен түскенде артыңызға қойғаныңыз абзал. Себебі сөмкеңіз төмен құлдилап, өзге адамдарға зиянын тигізуі бек мүмкін.
Есте ұстар ережелер:
Эскалатордан түскен кезде мұқият болу керек: түсуге ертерек дайындалып, және шығатын жерде кідіріп қалмау керек;
Эскалатордан түскен кезде эскалатордың жылжымалы төсемінен арба сөмкелерін және ұзын киімнің етектерін көтеру керек;
Кішкентай балаларды қолда көтеріп тұру немесе қолдарынан ұстау керек;
Балаларды эскалаторда қараусыз қалдыруға болмайды.
Эскалаторды қолданған кезде:
Эскалатор баспалдақтарында шектеулі сызыққа басуға;
Эскалатордың қозғалмайтын бөліктеріне сүйенуге;
Сөмкені және жүкті эскалатор баспалдақтары мен тұтқасына қоюға;
Эскалатор баспалдақтарына отыруға болмайды;
10 шілде 2018 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031