» » МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

Құрбан айт – ренжіскен татуласып, адамдар бір-біріне көмек қолын созатын ерекше күн. Мереке – тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді, ол сондай-ақ, көп ұлтты мемлекетіміздің тәу еткен тәуелсіздігі мен баға жетпес рухани байлығының айқын көрінісі. Сондықтан жылына бір рет келетін Құрбан айт мерекесінің халқымыз үшін маңызы ерекше.
Айтулы мерекені қармақшылықтар Жосалы кенті орталы­ғындағы «Қармақшы ата» мешітінде ауызбіршілікпен, ортақ ниет­тес­тікпен қарсы алды. Жиналған жамағатқа мешіт ауласы лық толды. Таң ертесімен ауданның бас имамы Асхат Жарқынбеков Құрбан айттың қадір-қасиеті, мән-маңызы жайында уағыз айтып, иісі мұсылманның құлақ құрышын қандырды. Уағыз әрі қарай айт намазына ұласып, мешітке жиналған аудан жұртшылығы намазға тұрды. Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетовтер көпшілікті Құрбан айтпен құттықтап, әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ тіледі.
Ұлы ғибадат күні аясында бірқатар спорттық, мәдени, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша білім табалдырығын аттайтын 40 балаға сөмке, қажетті оқу құралдары табыс етілсе, шағын футболдан өткен спорттық бәсекеде 5 команда арасынан мешіт жамағатынан құралған «Самат» футбол командасы суырылып шығып, І орынды жеңіп алды. Мұнан кейінгі орындар Қызылорда қаласының «Жастар», өңір жастарының «Спорт клуб» командасына бұйырды.
Құрбан айт мерекесі мен Қармақшы ауданының 90 жылдығына орай ұлттық спорттың 4 түрінен сайыс өтті. Атап айтқанда, арқан тартыста «Стадион» командасы жеңімпаз атанса, ІІ және ІІІ орынды – «Мешіт жамағаты» командасы мен №16 аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі командасы өзара бөлісті. Қол күресте Спандияр Алмаханов, Нұрлыбек Абдуллаев және Мейірбек Орынғалиевтердің асығы алшысынан түссе, қазақ күресінен Нұрсұлтан Алтынбекұлы тұғыр биігін бағындырса, Спандияр Алмаханов ІІ, Арман Жалғасбекұлы ІІІ орынды олжалап, мінберге көтерілді. Айт күні аудан жұртшылығы қошқар көтеру сайысын қызыға тамашалады. Мұнда да басты орында Спандияр Алмахановтың жұлдызы жанса, ІІ орынды Әсет Әбдіреев, ІІІ орынды Абай Оспанов қанағат тұтты. Келесі шара – «Дін Ислам – діңгегім» тақырыбымен Ақтөбе ауылында әуезді азан шақырушылардың аудандық байқауына ұласты. Онда үміткерлер Құран оқудан, азан шақырудан және сұраққа жауап беруден сайысты. 13 мешіттен қатысқан сайыскерлер арасынан бас жүлдені әуезді дауысымен жосалылық Аңсар Әбдірахманов жеңіп алса, жаңажолдық Сағадат Ералиев пен ақжарлық Бағдат Оспанов және жосалылық Димаш Бақытбековтер басқа да орындарды қанжығалады.
Құрбан айт күні «Қармақшы ата» және «Ораз ахун» мешітінен мұқтаж жандарға 315 келі ет өнімі таратылып, қайырымдылық жасалды.
– Құрбан айт мерекесі ауданда жоғары деңгейде аталды. Бұл – ырыс пен ынтымақтың, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Адамдардың ниет-пейілінің, сараңдығы мен жомарттығының таразыға салынатын күні. Қайырлы істің үлкен, кішісі болмайды. Сондықтан да басқа күнде де бір-бірімізге қамқорлық жасауға асығайық. Айтулы мейрамда мешіт ауласында ине шаншар орын болмады. Астан дәм ауыз тидік. Ересектермен қоса, жастардың имандылыққа ұйығаны мені қатты қуантады, – дейді аузы дуалы ақсақал Жасаңбай Аққалиев.
Расында да, дүниеқұмарлықтан арылып, имани болмыста өмір сүру – Алладан келген ұлы сый. Барымызбен бөлісіп, бір-бірімізді қадірлей, сылай білсек – Ұлы Жаратушымыз өзінің ырзық-несібесінен тыс қалдырмасы анық.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
28 тамыз 2018 ж. 1 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031