Конституция
» » ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ Ақай ауылдық округінде аталып өтті

ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ Ақай ауылдық округінде аталып өтті

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы - қайырымдылық пен кеңпейілділіктің, береке-бірліктің бейнесі саналады.
"Мүсірәлі Сопы Әзіз " мешітінде жиналған жамағатты ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқарамасы басшысының орынбасары М.Демесинов, ауыл әкімі Г.Умарова, Төретам кентінің әкімі Ш.Сүйембетов Ақай ауылдық округі және Төретам кенті ақсақалдар алқасы төрағалары Құрбан айт мейрамымен құттықтап, имандылық ізгі істерден басталатынын, халықтың ықылас-ниеттерінің түзу, бірлігінің нық болуын тіледі.
Сонымен қатар, мешіттің бас имамы Нұрғалиев Аяған мейрамның мән-маңызын түсіндіріп өтті.
Намаздан кейін жиналған қауым жайылған дастарханнан дәм татты. Мешіт ауласындағы арнайы белгіленген орында көпшілік ақсақалдардың батасын алып, құрбандық шалды.
Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесіне орай қол күрес, гір тасын көтеру және арқан тартыс ойындары ұйымдастырылып, сайыс жеңімпаздары сый-сияпатқа ие болды.
24 тамыз 2018 ж. 1 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 919

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031