КҮРЕ ЖОЛДАҒЫ ҚҰТҚАРУШЫЛАР
Даңғыл жолда аламанның көркін қыздырған көліктердің газ педалін түбіне дейін басамын деп, шыңыраудың түбіне кеткендері қаншама?! Апаттан аяғы аспаннан келіп, басын ұстап, санын соққандарын да санауға саусақ жетпейді. Біз бірін көрерміз, екіншісін байқармыз, ал күре жолдық медициналық құтқару бекеті талай оқиғаның басында болды. Науқастарға қолұшын беріп, ажалдан араша тұрды. Жол үстінде орын алған әрбір оқиға олардың көз алдында. Еңбегі ерен жандардың бір сәттік жұмысымен таныстық.
Күре жолдан Иіркөл ауылына барар бұрылыста орналасқан бекет батысқа қарай 50, шығысқа қарай 50 шақырым ара қашықтық бойынша қызмет көрсетеді. Қызылордадан бағыт алып келе жатқанда Жалағаш ауданының Таң ауылына дейін, ал Қармақшы жерінде сонау Кемесалғанның тұсына дейін жәрдем бере алады. Он бес күндің вахталық әдіспен жұмыс ісетйтін екі медициналық бригада бар мұнда. Біз барғандағы кезекті бригадир, аға фельдшер Бағдат Иманзадаев екен. Білікті маман бес жылдан бері осы мекемеде қызмет етіп келеді. Бастысы, елге көмек беру дейді ол.
– Мына астымыздағы көлік бізге қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Реанимобиль деп аталады. Клиникалық өлім кезінде науқасты тірілтетін аппараттар да осында. Қыстың аязды күндері тонып қалған азаматтарды жылытатын да жабдығымыз бар. Тек дер кезінде шақырса болғаны, – деді аға фельдшер.
Қазір абырой болғанда ауыр апаттар жоқ. Ара-тұра кей жағдайда болмаса, он бес күнде екі жол апатына қатысатын көрінеді орта есеппен. Біз барғанда Ресейге бағыт алған Өзбекстан азаматы Бекзат Хусейнов қан қысымы көтерілген соң көмекке жүгінді. Әлбетте, құтқарушылар шетелдік екен деп кеудесінен итермей, жолда көмек сұраған жолаушының барлығына қол ұшын созады.
– Дереу көліктен таза ауаға алып шығып, қажетті емдерін жасады. Мен көп жағдайда ауырсынған кезімде, осылай жолдағы құтқарушылардың көмегіне жүгінемін. Құтқарушылар күннің ыстығы мен қытымыр аязына қарамастан жолаушылардың жай-күйіне алаңдап жүреді. Алла разы болсын. Еңбектері жана берсін, мың алғыс, – деді жолаушы.
Ауыр апаттар болса, ең алдымен аяғы ауыр келіншектерге жәрдем береді. Заңы солай. Өйткені, олар екі адам болып есептеледі. Сонан соң жарақатының деңгейіне қарай басқаларына көмек көрсетеді. Егер адам саны көп болып жатса жедел жәрдемді шақырады, тіпті болмағанда санавиацияны шақыруға мүмкіндіктері бар. «Төрт адамға дейін көлікке салып ауруханаға апара аламыз» дейді мамандар.
– Менің қызметім – фельдшер-диспетчер. Кеңседе отырып, шақыру қабылдаймын. Сонан соң бригада 3 минутта шығып кету керек. Кейде жедел жәрдемнен де түседі, ал кейде 119-дан қабылдаймыз. Жол полицияларымен, жедел жәрдеммен мәлімет алмасып отырамыз. Тығыз қарым-қатынас арқылы жұмысымыз жүйелі жүреді. Әйтпегенде, әрбіріміз әр жаққа тартсақ, ортада жапа шегетін – жолаушы. Орталықтан 50 шақырым қашықтықты бақылап отырамын, – деді Бағдат Байтұрғанов.
Әр минуты есептеулі мамандар кез келген уақытта көмекке шығуға әзір болу керек. Өйткені, олардың әрбір қадамына адам өмірі байланысты. Мұндайда жүргізушілердің мойнындағы жүк ауыр. Тек қана жүргізушілікті ғана емес, құтқарушылықты да мойынға алады.
– Мен көлік жүргізумен ғана шектелмеймін, құтқарушымын. Жол апаты орын алса, аккумулятордың климасын қолымыздағы резакпен қиып тастаймыз. Әуелгі жұмыс сол. Өйткені, көлік жанып кетеді. Сонан соң аға фельдшер мен фельдшерге жолаушыны көліктен алып шығуға көмектесеміз. Ол үшін барлық құрал-жабдықтар көлікте орнатылған, – деді Болат Табынбаев.
Моторлы үлкен кескіш (резак) пен тас, бетондарды кесетін брондазен көп қолданылмайды. Ол аса ауыр жағдайларда ғана іске қосылады. Оған қоса көтергіш домкратыңыз тағы бар.
– Мына құралдар 7 тоннаға дейінгі ауыр салмақты көтеруге арналған. Егер адам көлік арасында кептетіліп қалса, есік ашылмай жатса қолданамыз. Барлық мүмкіндік қарастырылған, тек әрбірінің тілін біліп, құтқару шараларында қолдансақ болды. Адами капиталды сақтау барысында тер төгудеміз, – деді құтқарушы Қайрат Есқалиев.
Кей жағдайларда жол полицияларының көмегіне жүгініп, күре жолдың қос бетін уақытша жаптырып тастайды. Дер кезінде көмек көрсетіп, адам жанына араша түсуге ешкім кедергі болмау керек. Бұл ретте, құзырлы орындар арасында өзара келісім де бар. Өйткені, жолдағы қызмет – ортақ.
– Ең қиын жерлер ІІІ Интернационал ауылының тұсы, Кемесалған мен сол күре жолдағы бірнеше қиылыстарда апаттар көп орын алады. Осыдан бір жарым жылдай бұрын Иіркөл мен Жосалы кенті аралығындағы көпір үстінде қайғылы оқиға орын алды. Көлік ішіндегі бес адамның бірі сыртқа шығып кетіп, ажал құшты. Көпір жақтаушасы көліктің маңдайшасынан кіріп артқы терезеден шыққан. Сол уақыттарда біз бар күш-жігерімізді жұмсадық. Аллаға шүкір, ондай ауыр жағдайлар сирек болады, Құдай бетін әрі қылсын. Елдің аман болып, еш қиындыққа ұрынбай жүргенін қалаймыз, – деді Бағдат Иманзадаев.
Саланың өзіне тән қиындығы мен ерекшелігі көп. Мәселен, көліктегі адамды дереу қозғамай, алдын-ала дәрі егіп, дауындап алады. Кілт қозғағаннан денсаулығына зақым келуі мүмкін. Мұндайда мамандар асқан ұқыптылықпен, ептілікпен жолаушылардың дін аман болуына жағдай жасайды.
Түйін.
Әрбір күнді күре жолдың бойында өткізіп, жұртшылыққа көмек қолын созудан аянбайтын құтқарушылардың әр сәтте ел амандығын тілейтіні анық. Оны көздерінен көрдік, жанарынан ұқтық. Мейірбандық пен адамгершіліктен ада қалдық деп, дабыл қағатын қоғамда өз өмірін өзгенің амандығына арнап жүргендер көп. Біз оларды байқай бермейміз. Өйткені, көпшілік олардың күн сайын жасайтын ерлігін міндетімен шатастырады. Олар сәт сайын ерлік жасайтын сайыпқырандар екенін көңілге түйіп біз қайттық.

Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».