Мәслихаттар сайлауы
» » БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТӘРБИЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТӘРБИЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА!


2026 жылғы 18 қараша күні білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібековтің төрағалығымен білім бөлімінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог-психологтар қатысты.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
2026 жылдың 10 айында кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстар мен оларға қарсы жасалған қылмыстар туралы
Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу қызметі және суицидтің алдын алу жұмыстары
Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін зерделеу қорытындысы
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының орындалу барысы
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарының сақталуы.

Мәжіліс барысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық қолдау жұмыстарын жетілдіру және тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бағыттарына ерекше назар аударылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директорларына тиісті тапсырмалар беріліп, білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау қатаң тапсырылды.

18 қараша 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 379
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 508

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30