ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ: ҚОҒАМ ҮНІ

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру. Есірткі – адам өміріне, отбасының тыныштығына және қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін үлкен әлеуметтік проблема.
Есірткісіз болашақ қалыптастыру – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта ата-ананың тәрбиесі, білім беру ұйымдарының жауапкершілігі, қоғамдық ұйымдардың белсенділігі мен азаматтардың бейжай қарамауы маңызды рөл атқарады.
Әсіресе, жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа, өнерге, білімге баулу – зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді жолы. Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың бойында өмірге деген құштарлық пен жауапкершілікті қалыптастыру қажет.
Есірткіге қарсы күресте қоғамның үнін күшейтіп, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу маңызды. Әрбір азамат есірткісіз өмірді қолдап, оның зияны туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге үлес қосуы тиіс.
Заңғар БАЙЖАН,
Дүр Оңғар ауылы,
№107 мектеп оқушысы













