» » САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ ҚҰРАЙЫҚ

САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ ҚҰРАЙЫҚ

Бүгінгі күні қоғам алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – нашақорлық дерті. Есірткі – адам өмірін көлеңкеге айналдырып, болашағына балта шабатын қауіпті жол. Әсіресе, бұл індет – жастардың тағдырына қауіп төндіреді. Себебі жас – арман мен мақсаттың бастауы. Сондықтан әрбір жас нашақорлықтың зардаптарын түсініп, бұл жолдан аулақ болуы тиіс.
Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығы осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында аудандық прокуратурамен бірлесе отырып, түрлі кездесу, дөңгелек үстел отырыстары, тренинг пен түсіндірме шаралары, одан бөлек үн парақшалар таратылып, LED экраннан нашақорлыққа қарсы бейне-роликтер көрсетіліп ұйымдастырылуда. Бұл іс-шаралар арқылы жастар арасында нашақорлыққа мүлдем жол бермеу, алдын алу және оның қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіру болып табылады. Спорттық сайыстар мен мәдени шаралар арқылы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалуда.
Орталықтың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Нашақорлық – бұл тек жеке адамның емес, бүкіл отбасының, елдің трагедиясы. Сол себепті әрқайсысымыз өзімізге, айналамызға жауапкершілікпен қарап, есірткісіз өмірді таңдауға тиіспіз. Қармақшы жастары білімге, өнерге, спортқа ұмтылып, өз болашағын жарқын етуге күш салуы қажет.
Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі. Ендеше, бәріміз бірге нашақорлыққа қарсы күресте белсенді болып, салауатты өмір салтын ұстанайық. Аудандық Жастар ресурстық орталығы әрдайым жастарды қолдауға және олардың жарқын болашағы үшін қызмет етуге әзір! Нашақорлыққа жол жоқ – салауатты өмір салтына жол ашық!
Айгерім АСЫЛБЕКОВА,
аудандық Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі
02 шілде 2025 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930