» » Жастар — есірткіге қарсы

Жастар — есірткіге қарсы

qarmaqshy-tany.kz 1997 жылы БҰҰ-ның кезекті ассамблеясында 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілген болатын. Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі. Ғасыр індетімен қазір төрткүл дүние жұмыла күресуде. Осы орайда, аудандық «Жастар рухы» ЖҚ бөлімшесінің жетекшісі А.Өтешова «Жастар есірткіге қарсы» акциясын өткізді.

Іс-шара ауданның орталық алаңында ұйымдастырылып, онда нашақорлықтың салдары туралы түрлі роликтер мен қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ, бұл күні жылжымалы сенім пункті жұмыс істеп, қала тұрғындарына нашақорлықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жадынама таратты.

Аталған акцияға, аудандық емхана қызметкерлері, Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығының психологі Ә.Кетебаева, Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Д.Құлмырзаева, қоғам белсендісі Ә.Мерекова, Б.Төребаева және жас еріктілер қатысып, өз үлестерін қосты.
«Қт» ақпарат
29 маусым 2023 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 260
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930