Мәслихаттар сайлауы
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жиын өтті.

Бүгінде ауданда бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге осы сала бойынша заңнама талаптары тұрақты түрде түсіндіріліп, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілген.

Бюджет қаражатының жұмсалуы мен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат аудан әкімдігінің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында тұрақты жарияланып келеді. Сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшыларының азаматтарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылуда.

Мәжілісте Жандос Еркінбек бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтіп, жауапты сала басшыларына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Айта кету керек 2026 жылдың басынан бері ауданда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған мемлекеттік қызметшілер тіркелмеген.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 қараша 2026 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 478

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30