» » ЖЕМҚОРЛЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА ЕМЕС

ЖЕМҚОРЛЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА ЕМЕС

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен аудандық арнайы мониторингтік тобы отырысы өтті.
Топ төрағасы Әбдірахман Құлдүйсеновтің төрағалығымен өткен отырыста ҚР мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғыман Жакудаев «Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлық бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы» хабарлама жасап, елімізде, оның ішінде аймағымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жасауда арнайы мониторингтік топтың алдында тұрған міндетті сараптап, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды. Сонымен бірге, бұл бағытта Қармақшы ауданында құрылған арнайы топтың атқарған жұмыстарына оң бағасын берді.
Келесі кезекте Жосалы кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Сыдықовтың «ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының Жосалы кенті әкімдігінде және оған қарасты кәсіпорын мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде іске асырылуы» атты хабарламасы тыңдалды. Хабарламашы өзі басшылық еткен мекеме бойынша тақырып аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, жоспарларға сөз берді.
Отырыс соңы оған қатысушылардың ұсыныс-пікірлері мен ортаға салған ойларымен тәмамдалды.
Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
07 маусым 2018 ж. 2 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031