» » Заң мен тәртіп: жасөспірімдер арасында профилактикалық жиын өткізілді

Заң мен тәртіп: жасөспірімдер арасында профилактикалық жиын өткізілді


Қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы, елдің жарқын болашағы – заңға құрмет пен тәртіпке негізделеді. Осы орайда жастар арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз қоғам қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Мақсат Баймағанбетов Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Тағылымы мол кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, зиянды әдеттерден аулақ болу, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар заң талаптарын бұзған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген жауапкершілік түрлері баяндалып, әрбір азаматтың өз құқығы мен міндетін білуі, заңға бағынуы және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі маңызды екені атап өтілді.

Кездесу барысында жастарға адалдық, әділдік, жауапкершілік пен өзара құрмет – қауіпсіз қоғамның басты құндылықтары екені жеткізілді. Себебі тәртіп бар жерде тұрақтылық, заңға құрмет бар жерде әділеттілік салтанат құрады.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына, ел болашағына жауапкершілікпен қарауына жол ашады.
05 қараша 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 254
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 412

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30