» » ДАЛА ДӘМІ – ҚАЛА ТӨРІНДЕ

ДАЛА ДӘМІ – ҚАЛА ТӨРІНДЕ

Ауданның берекелі даласында өсірілген өнім мен ауыл еңбеккерлерінің маңдай терімен өндірілген азықтүлік Қызылорда қаласының тұрғындарына ұсынылды. Облыс орталығында «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында өткен «Алтын күз – 2026» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде аудан шаруалары молшылық көрмесін ұйымдастырды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсыну. Осы мақсатта ауданнан 70- ке жуық жүк көлігімен 150 тоннадай ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Сауда сөрелерінен аудан шаруалары өндірген күріш, ет, сүт, балық, көкөніс және өзге де қажетті азық-түлік түрлерін кездестіруге болады. Сонымен қатар мал азығы да саудаға шығарылды. Тұтынушыларға ұсынылған өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылып, тұрғындарға тиімді сауда жасауға мүмкіндік берді. Жәрмеңкемен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев танысып, сауда орындарын аралады. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағасына назар аударды. Қармақшы ауданы – егіншілік пен мал шаруашылығы қатар дамыған, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде өзіндік орны бар өңір. Диқанның егін даласындағы еңбегі мен шаруалардың тынымсыз тіршілігі осындай жәрмеңкелерде көпшілікке ұсынылып, ауыл мен қала арасындағы байланысты нығайта түседі. Өндіруші мен тұтынушыны тікелей қауыштыратын сауда алаңы тұрғындарға тиімді баға ұсынумен қатар, жергілікті өнімнің сұранысын арттыруға да ықпал етеді. Жәрмеңкеде келушілерге арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Өнерпаздардың әні мен әсем әуені сауда алаңына мерекелік көңіл күй сыйлап, мазмұнын байыта түсті. Айта кетейік, ауданымыз ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері үшін «Үздік аудан» атанды. Бұл марапат – аграрлық әлеуетті арттыруға бағытталған жұмыстар мен дала еңбеккерлерінің еселі еңбегіне берілген баға. Ал бүгінгі жәрмеңкеде ұсынылған 150 тоннаға жуық өнім – сол еңбектің нақты нәтижесі.
Алан ЕРЕН
29 қазан 2026 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Хабарландыру

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031