» » ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен аудандан көлемінде орналасқан «ММ бургер», «Куби», «Мағжан», «Ауыл», «Latte cafe», «Kausar kids», «Малике-ана» жеке кәсіпкерлік нысандарында жедел ішек инфекцияларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жедел ішек инфекция– бұл бактериялар, вирустар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз-күз айлары болып есептеледі. Бұл ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы, организмнің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты.
Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен сыртқы ортаға түсіп, тарайды.

Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, яғни жуылмаған көкөністер, пісірілмеген сүт, сапасыз шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішу, лас суға түскен кезде жұғуы мүмкін. Кез келген сапасыз дайындалған тез дайындалатын тағам түрлерінде бактерия ,вирустар жылдам өседі. Сондықтан тұтынушыға ұсынарда сапасына, дайындалған уақытына ,жарамдылығына қатты мән беру керек. Тағам әзірлеу кезінде санитариялық талаптарды қатаң саталуды талап етеді.

Аурудың алғашқы белгілері:
Іштің жиі су сияқты өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Осы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастағаннан дәрігерге көріну керек.

Алдын алу шаралары:
Ішек инфекциялары – кір қолдың ауруы. Оның алдын алу үшін:
— жеміс-жидектер мен көкөністерді ағынды су астында жақсылап жуғаннан кейін пайдаланыңыз;
— өнімдердің жақсылап қуырылып, қайнатылуына көңіл бөліңіз;
— жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз;
— дайын тамақты пайдалану кезінде оның исіне, дәміне мұқият мән беріп, тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз;
— арнайы көрсетілген жерлерде шомылыңыз;
— суды тұтынар алдында міндетті түрде қайнатыңыз немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
— балаларды әрбір тамақтандырар және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуу керек, оның әрбір затын, ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстаңыз;
— ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке бас тазалығын қатаң сақтаңыз;

Кей жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы мүмкін. Сол себепті, өткір ішек жұқпаларының жоғарыда көрсетілген белгілерінің бірі Сізде немесе жанұя мүшелеріңізде байқалса, тез арада дәрігерлік көмекке жүгінгеніңіз дұрыс.

З.Атабаева,
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы
басшының міндетін атқарушы 
20 қазан 2026 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 099
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 308

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031