Құрбыңыздың туған күніне не сыйлауға болады?
Бұл – бір уақытта оңай және қиын сұрақ. Себебі, сыйлықтың туған күн иесін тек қуантпай, сонымен қатар таңғалдырғанын және қолданғанын қалаймыз.
Құрбы – қуанышың мен қайғыңды бөлісетін адам. Ол сені білгені секілді, сен де ол туралы бәрін білемін деп ойлайсың. Алайда не сыйлау керектігін ойлағанда, шешімі табылмай қояды. Егер сыйлықты жай ғана емес, шынайы көңілмен сыйлағыңыз келсе, бірнеше маңызды ерекшеліктерді ескерген жөн: жасы, мінез ерекшелігі, отбасылық жағдайы, әуесқойлығы және сіздің сыйлыққа бөле алатын қаржыңыз.
11-15 жасар туған күн иесіне не сыйлауға болады?
Style & Fashion. Егер туған күн иесі сәнмен әуестеніп, әрдайым стильді көрінуге тырысса, оған қандай да бір әдемі аксессуар сыйлаңыз. Түрлі beauty-заттар алуға болады:
- Клатч-сөмке;
- Смартфонға арналған ерекше қап;
- Сәнді принті бар қолшатыр;
- Жасөспірімдік косметика жинағы (оны құрбыңыздың талғамына қарай өзіңіз жинақтасаңыз болады);
- Фен (қосымша шаш үлгісі туралы кітап қосуға болады).
Hand-made, шығармашылық және хобби. Егер құрбыңыз қолөнерді жақсы көрсе және тоқуды, тігуді, кестелеуді ұнатса, қолөнерге арналған шығармашылық жинақ сыйлаңыз:
- Кестелеу жинағы. Олар дайын сызбамен және жіптер жинағымен бірге сатылады;
- Майда моншақтан білезік жасайтын жинақ;
- Сурет өнеріне арналған жинақ. Егер құрбыңыз акварельді әшекейлеу техникасын білсе, көркемөнер бояулары, грифелі бар жинақтарды бағалайды;
- Шығармашылыққа арналған 3D-құралдар. Технологиялық жаңа нәрселерді жақсы көретіндерге 3D-қалам сыйлауға болады.
Сүйкімді ұсақ-түйектер. Олар өмірді көңілді және қызықты етеді:
- Жұлдызды аспан түнгі шамы. Оны түнде тоққа тықса, төбеге жұлдыздар проектісін түсіреді;
- Шоколад дайындауға арналған жинақ;
- Балмұздақ, жеміс-жидек, тәтті немесе смайлик түріндегі жастықтар;
- 3D-пазл;
- Ерекше жинақ сандықша (копилка). Ол кішкене тәрелкеге тастаған тиынды «шайнайтын» немесе «ақша жинаушы» мысығы бар сандықша болуы мүмкін.
16-20 жасар туған күн иесіне не сыйлауға болады?Бұл жас аралығындағы сұлулар көбінесе сыртқы келбетке ерекше мән береді. Сондықтан сыйлық ретінде beauty немесе fashion индустриямен байланысты нәрсенің барлығы келеді:
- Хош иіс оның үлгісіне соңғы нүкте қояды. Бірақ оны абайлап таңдау керек, сондықтан құрбыңыздың қандай иісті ұнататынын құпия түрде біліп алған жөн;
- Сұлулық салонына арналған сертификат;
- Аксессуарлар. Кез келген стильді зат – әмиян, мойын орамал, белдік сөмке немесе кешкі клатч;
- Бижутерия. Ол көптік етпейді;
Құрбыңызды ұмытылмас әсермен таңғалдырыңыз:
- Мастер-класқа арналған сертификат. Сабақты құрбыңыздың қызығушылығына байланысты таңдаңыз. Егер ол тамақ дайындауды ұнатса, торт пісірудің қыр-сырын үйрететін мастер-класқа сертификат алыңыз. Мұндай сыйлық пайдалы тәжірибе болады;
- Экстрим сабақтары. Белсенді әрі қорықпайтын тұлғалар үшін сертификаттардың экстремалі түрлері де бар. Мысалы: автомобильді экстремалды айдау, атқа міну және т.б;
- Фотосессия. Кәсіби фотографпен арнайы студияда болатын фотосессия ұсынуға болады;
- Театр, кино немесе концертке билет.
25-30 жасар туған күн иесіне не сыйлауға болады?
Бұл кезде оның күйеуге шыққанын немесе шықпағанын ескерген жөн. Бұл жас категориясына арналған сыйлықтарды бірнешеге түрге бөлеміз: пайдалы, сұлулыққа арналған, жан-дүниесіне арналған, әзілмен және қолайлы.
Қолайлы сыйлықтар күйеуге шыққан және балалары бар құрбыңызға келеді. Оған күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттар жатады:
- Мультипісіргіш;
- Блендер;
- Миксер;
- Фен;
- Шашқа арналған үтік;
- Төсек-орын жинағы;
- Есімі жазылған түкті халат;
- Термос;
- Барлық отбасы мүшелерінің суреті сыятын жиектеме.
Аксессуарлар, косметика және сертификаттар. Жас ана жұмыстан және үй шаруасынан қолы босамай, өзіне уақыт бөле алмай жүреді. Сондықтан тері күтіміне арналған кез келген сыйлық оның көңілінен шығуы мүмкін. Себебі отбасылық бюджеттен қымбат косметикаға немесе салондық процедураларға ақша бөле алмайды немесе қимайды. Ендеше, мынадай сыйлықтар алуға болады:
- Үй SPA-процедурасына арналған жинақ;
- Табиғи косметика жинағы;
- Қандай да бір салондық процедураға арналған сертификат;
- Фитнес-клубқа немесе бассейнге арналған абонемент.
Жан дүниеге арналған сыйлық:
- Табиғатқа арнайы экскурсия;
- Театрға арналған билет;
- Шаш өруді үйрететін мастер-класс және т.б.
35 жастағы туған күн иесіне не сыйлауға болады?
Бұл кезде осы жасты жайнататын әйелдікті айқындаған жөн. 35 жаста да сұлулыққа мән беру маңызды. Құрбыңызға beauty-сертификаттар беріңіз:
- Шашқа арналған SPA-күтім;
- Қолға арналған SPA-күтім;
- Боянуды үйрететін мастер-класс.
Қаладан тыс демалыс ұйымдастыруға болады немесе түрлі hand-made техникасын үйрететін мастер-класқа сертификат беріңіз. Мұндай қызықты сабақ жаңа хоббидің бастамасы болуы мүмкін. Қазір мастер-кластың түр-түрі бар: сабын жасау, май шам жасау, мозаика, полимерлік балшықтан гүл жасау, суретке түсіруді үйрету, денеге қынамен сурет салу және т.б. Егер құрбыңыз кітап оқығанды ұнатса және арнайы кітап сөресі бар болса, ол жинағына қосылатын тағы бір пайдалы кітапқа қарсы болмайды.