» » ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қажетті маманды іздеп аудан орталығына бару ауыл тұрғыны үшін әрдайым оңай емес. Әсіресе құқықтық кеңес, әлеуметтік мәселе немесе медициналық тексеру қажет болған жағдайда уақыт пен жол мәселесі де бар. Осы бағытта Тұрмағамбет және Ақжар ауылдарында тұрғындарға бірнеше мәселе бойынша көмек көрсетілген мобильді қоғамдық қабылдау өтті.
Қабылдауды «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалы мен аудан әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, партия филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық басқармалардың мамандары, жауапты бөлім басшылары және «Отбасы банк» өкілдері қатысты.
Кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев мұндай қабылдаудың ауыл тұрғындары үшін маңызына тоқталды.
– Мұндай қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындардың мәселесін жергілікті жерде тыңдап, тиісті мамандардың қатысуымен шешу жолдарын қарастыру. Ауыл халқының уақытын үнемдеп, қажетті мемлекеттік қызметтер мен кеңестерді өз елді мекенінде алуына жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Бүгін көтерілген мәселенің барлығы назарға алынып, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырма берілетін болады, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Қабылдауға 40-тан астам тұрғын қатысып, өздерін толғандырған ойларын ортаға салды. Мамандар «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», тұрғын үй және басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіріп, азаматтарға жеке мәселелеріне қатысты кеңес берді. Ісшараның маңызды бөлігі медициналық көмекке арналды. Арнайы жылжымалы медициналық керуен ауылдарға жеткізіліп, тұрғындар дәрігерлердің кеңесін алып, қажетті тексерулерден өтті. Осылайша, медициналық қызметті де аудан орталығына бармай-ақ алуға мүмкіндік жасалды.
Қабылдау кезінде айтылған ұсыныстар мен мәселе тиісті сала мамандарына жолданып, олардың шешу жолдары қарастырылды. Мұндай кездесудің жалғасуы тұрғындардың өз мәселесіне қатысты нақты ақпарат алып, тиісті қызметтерге қолжетімділігін арттыра түспек.
Бауыржан ЖҮНІС
11 қазан 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 025
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 249

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031