» » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ – БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ – БАСТЫ БАҚЫЛАУДА


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Диас Молдабаев аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға аудан орталығы мен елді мекендерден келген азаматтар қатысып, тұрғын үймен қамту, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау және басқа да өздерінің мәселелерін жеткізді.

Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, азаматтарға көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсініктемелер берілді. Жұмыс іздеп жүрген тұрғындарға жұмыспен қамту бағыты, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат ұсынылды.

Диас Асылбекұлы жауапты сала басшыларына тұрғындардың өтініштерін толыққанды зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 тамыз 2026 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 025
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 249

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031