» » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Мемлекет басшысының халықпен ашық диалог орнату және азаматтардың өтінішіне жедел ден қою жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған қабылдауға 15-ке жуық тұрғын өз ұсыныстары мен мәселелерін жеткізді.

Жеке қабылдауда тұрғын үй алу кезегі, тұрақты және қоғамдық жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ өзге де жеке сауалдар көтерілді.

Жандос Еркінбек әрбір өтініш иесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына азаматтардың өтініштерін толық зерттеп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.

—Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы - тұрақты бақылауда және заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады,- дейді аудан басшысы.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 маусым 2026 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930