» » БАЛА ҚУАНЫШЫ БАРШАҒА ОРТАҚ

БАЛА ҚУАНЫШЫ БАРШАҒА ОРТАҚ

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудан әкімдігінің қолдауымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес аудандық прокуратура, аудандық пробация қызметі және «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы өткізілді.
Мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына даярлауға қолдау көрсету, олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Іс-шараға аудандық прокуратура өкілдері, аудандық пробация қызметінің қызметкерлері, жауапты сала мамандары, ата-аналар мен балалар қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа оқу жылы қарсаңында ізгі тілектер айтылып, балаларға оқу құралдары мен мектепке қажетті жабдықтар табысталды.
Мұндай игі бастама қоғамның әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіп қана қоймай, балалардың білімге деген ынтасын арттыруға және олардың жарқын болашағына сенім қалыптастыруға бағытталған.
Ақтолқын АЛТЫНБАЙҚЫЗЫ
17 тамыз 2026 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031