» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ


Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында, аудан әкімдігінің қолдауымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесулер өткізілді. Іс-шаралар Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округі және Жосалы кентінде ұйымдастырылды.

Аталған кездесулер аудандық прокуратура, пробация қызметі және «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізіліп, пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтармен «Заң мен тәртіп» іс-шарасы аясында кеңес беру және семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау шаралары, жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту бағытында нақты ақпарат берілді.

Кездесулер еркін форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Пікір алмасу барысында өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.
20 сәуір 2026 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031