Құрылтай
» » ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ ӘДЕБІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ ӘДЕБІ

7 тамыз күні «Руханият орталығында» «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысы бойынша тергеп тексеру департаментінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Оған Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Әнуар Дәулетов, департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушілері Майра Оралбаева, Шыңғысхан Досжанов, сонымен қатар аудандық полиция және дербес бөлім басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп, іс-шараның мақсатымен таныстырды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидаты – әділетті қоғам мен қауіпсіз мемлекеттің негізі екенін атап өткен болатын. Президент интернет алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы күресті күшейтудің маңыздылығына ерекше назар аудартып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Осы орайда, ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын жетілдіру, қаржылық алаяқтықтан қорғану дағдыларын қалыптастыру, заңға бағыну мәдениеті мен экономикалық жауапкершілікті арттыру болып табылады. Қазіргі таңда интернет алаяқтықтың түрлері көбейіп, оның қоғамға тигізетін қаупі күн санап артуда. Осындай жағдайда халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырудың маңызы ерекше, – деп атап көрсетті.
Жиында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушілері Майра Тұрлыбекқызы мен Шыңғысхан Орнықұлы сөз сөйлеп, қоғамда өзекті болып отырған алаяқтықтың алдын алуға байланысты жан-жақты құқықтық кеңес, заңнама талаптарына түсіндірмелер жасап, пайдалы ақпараттар берді. Сонымен қатар лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) мен қаржы пирамидасының зияны, олардың алдын алу жолдары, құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шарада аталған тақырыптар бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, алаяқтық әрекеттен сақтану және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық жадынама таратылды.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
12 тамыз 2026 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 093

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31