» » ЧЕК ТАЛАП ЕТКЕНДЕРГЕ ЖҮЛДЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

ЧЕК ТАЛАП ЕТКЕНДЕРГЕ ЖҮЛДЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының биылғы жылғы алғашқы ұтысын «Жібек жолы» сауда орталығында ойнатты.
Сауда орталығында жүрген жұртшылық өкілдері акция талабымен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қызығушылық танытқандарға мамандар сол жерде «Wipon» мобильді қосымшасын жүктеуді, чекті фотоға түсіріп жолдауды көрсетіп үлгерді.
Өткізіліп жатқанына үшінші жыл болған бұл Акцияның ерекшелігі - электрондық форматта «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізіледі. Қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға тұтынушылар сатып алған тауар үшін, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберу арқылы қатыса алады.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтіп жатқан акция биылғы жылы 21 мамырда басталған болатын.
21 мамыр мен 30 маусым аралығында қызылордалықтар жолдаған 12890 чек ұтысқа қатысты. Автоматтандырылған бағдарлама арқылы кездейсоқ таңдау әдісімен жиналған көпшілік қатысуымен үш жүлдегер анықталды. Биылғы акцияның алғашқы айдағы жүлдесі – теледидар Сырдария ауданының тұрғыны Әбдіғаппарова Алтынайға бұйырды.
Екінші және үшінші орындарға шыққан чек иелері Дінисламова Гулжайна мен Сапарбаева Инжу, тиісінше, шаңсорғыш пен ет тартқышқа ие болды. Бір қызығы – жеңімпаз бен екінші жүлдегер сол жердегі қатысушылар арасында болып шықты. Үшінші жүлде иесімен телефон арқылы байланысқа шығып, көпшіліктің көзінше сүйінші сұрадық.   
12 шілде 2018 ж. 1 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 128

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 282

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930