Құрылтай
» » Қызылордада қазақ музыкасының саңлақтарына арналған концерт ұйымдастырылды

Қызылордада қазақ музыкасының саңлақтарына арналған концерт ұйымдастырылды

Қызылорда қалалық мәдени-демалыс саябағында қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғалары – композиторлар Кеңес Дүйсекеев пен Сейдолла Байтерековтың, ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған «Ән мұрасы – сөз бен саз» атты мерекелік концерт өтті.
Концертте «Сыр сандуғаштары» вокалды тобының жас өнерпаздары аталған авторлардың таңдаулы туындыларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ұлттық өнерді дәріптеген әндер мен сахналық қойылымдар көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.
Сондай-ақ, шара барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңызы түсіндіріліп, қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
23 шілде 2026 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 672
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31